TÜRKSOY
15 қазан 20261 мин оқу

XI түркі әлемі деректі фильмдер фестивалінде қырғыз режиссері Садық Шернияз марапатталды

3877979.2876de90dd2a1d947180dcb5a8f98e89

Түркияда өткен XI түркі әлемі деректі фильмдер фестивалінде қырғыз режиссері әрі сценарисі Садық Шернияз түркі әлемі кинематографиясына қосқан үлесі үшін арнайы марапатқа ие болды.

Қырғызстанның Түркиядағы (Анкарадағы) Елшілігінің мәліметінше, түркі халықтарының мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған фестивальдің жабылу және марапаттау рәсімі 9 қазанда өтті.

Қазылар алқасының шешімімен 21 тұлға марапатталған салтанатты кеште қазақтың бауыры, белгілі қырғыз режиссері, сценарисі әрі қоғам қайраткері Садық Шернияз да құрметке бөленді.

Шерниязға бұл марапат «Түркі әлемі киноөнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі, ортақ мәдени құндылықтарды таныстыру және кино өнері арқылы халықаралық байланыстарды нығайтудағы рөлі» үшін табысталғаны хабарланды.

Медиа галереясы

(1)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған