Бас хатшының орынбасары Сайит Юсуфқа «Түркі әлемінің мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығы табысталды
«Anadolu» газеті тарапынан түркі әлеміне, ортақ мәдениет пен өнерге үлес қосқан тұлғаларға берілетін бұл марапат – салтанатты шара өтіп жатқан күні жиынға қатыса алмаған Сайит Юсуфтың қызмет орнында табысталды.
Сайит Юсуфтан бөлек Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевқа да табысталған болатын.
Қызметтік іссапарда болуына байланысты ұйымға келе алмаған Сайит Юсуфтың марапатын ұжым өкілдері қабылдап алды. Сайит Юсуф түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасы мен бауырластық байланыстарына қызмет етудің маңыздылығын атап өтіп, өзін осы сыйлыққа лайық деп тапқан «Anadolu» газетінің басшылығына ризашылығын білдірді.