Әндіжанда V түркі әлемі музейлерінің кездесуі өтеді
Өзбекстанның Әндіжан қаласында 19-20 қазан аралығында V түркі әлемі музейлерінің кездесуі өтеді.
Осымен бесiншi рет ұйымдастырылып отырған симпозиумда түркі әлемінен келген музей мамандары «Түркі әлеміндегі ұлттық киімдер: тарих, бірегейлік және мәдени мұра» тақырыбында баяндама жасайды.