«Қайсери – 2027»: ТҮРКСОЙ-да түркі әлемінің мәдени астанасына дайындық барысы талқыланды
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының бас хатшылығында «Қайсери – 2027» түркі әлемінің мәдени астанасы бағдарламасы аясында өтетін шараларды жоспарлау және дайындық процесіне қатысты үйлестіру жиыны өтті.
Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі мен Қайсери әкімдігі өкілдерінің қатысуымен ТҮРКСОЙ Хатшылығында өткен жиында бағдарлама барының егжей-тегжейі талқыланды.
Кездесуде ортақ тіл төңірегіндегі академиялық семинар-тренингтер, театр кездесулері мен өнер фестивальдерінің жол картасы қарастырылып, өтетін шараларды түркі географиясының ортақ түсінігіне қызмет ететін мәңгілік мәдени жобаларға айналдыру жайы сөз болды.