Бишкекте «Түркі әлеміндегі әзербайжан тілі мен әдебиеті» симпозиумы өтті
Қырғызстанның астанасы Бишкек қаласында Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының бастамасымен«Түркі әлеміндегі әзербайжан тілі мен әдебиетін зерттеу» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті.
Әзербайжанның Хазар университеті және Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен 8-9 қазанда өткен бұл шара Қырғыз Ұлттық университетінің және «I Баку тюркологиялық құрылтайының» 100 жылдығына арналады.
Симпозиумның салтанатты ашылуында Қырғыз Ұлттық университетінің ректоры Доғдурбек Чонтоев, Әзербайжанның Бишкектегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Латиф Гандилов, Хазар университетінің негізін қалаушы Гамлет Исаханлы және ӘзербайжанныңТҮРКСОЙ-дағы өкілі Вугар Маммадов қатысты.
«Тілдің болашағы – жасанды интеллект пен цифрлық платформаларда»
Шарада ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың симпозиум қатысушыларына жолдаған арнайы хатын оқып берген Вугар Маммадов, сөзін Бас хатшының жиынға жиналған қауымға деген ыстық ықыласы мен ізгі тілектерін жеткізуден бастады. Раев тілдің тек сөздер ғана емес, халық түсінігі, бірегейлігі және өткенінен болашағына созылған мәдени көпір екенін ерекше атап өтті.
Өз баяндамасында Әзербайжанның тіл мен мәдениет саласындағы даму стратегиясына қатысты пікірін білдірген Сұлтан Раев былай деді:
«Әзербайжанда бекітіліп, жүзеге асырыла бастаған «Әзербайжан мәдениеті – 2040» тұжырымдамасы айрықша стратегиялық пайымды көрсетеді. Біз тілімізді тек сақтап қана қойғымыз келмейді, оның болашағын да бірге құрмақпыз. Әзербайжан тілінің болашағы тек мектепте, университетте немесе кітаптарда ғана емес. Оның болашағы – цифрлық платформаларда, электронды кітапханаларда, ғылыми корпустарда, аударма технологиялары мен жасанды интеллект жүйелерінде». Осылайша Раев «Ғылымымыз терең, мәдениетіміз бай, Түркі әлемінің бірлігі мәңгі болсын!» деген жүрекжарды тілекпен аяқталды.
Ортақ зерттеу жобалары жүзеге асырылады
Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Франция бастаған бірқатар елдерден келген ғалымдар мен зерттеушілер қатысқан бағдарламада түркі халықтарының ортақ әдеби мұрасы мен әзербайжан тілін шетелде оқыту мәселелері кеңінен талқыланды.
Симпозиум тюркология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жас ғалымдарды қолдау және түркі әлемінде ортақ академиялық жобаларды жүзеге асыру туралы маңызды шешімдермен өз мәресіне жетті.