TÜRKSOY
19 қыркүйек 2026

Түркі әлемінің әйел ақындары Бакуде бас қосты

WhatsApp Image 2026-09-23 at 11.21.21

Бакудегі Ататүрік орталығында «Түркі әлемі әйел ақындары» одағының бастамасымен түркі әлеміндегі әйел ақындар кездесуі өтті.

Түркі әлемінің түкпір түкіпірінен келген әйел ақында қатысқан жиынға Әзербайжанның зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты.Шарада ортақ әдеби-мәдени құндылықтар, әйелдер поэзиясының түркі әлемі рухани бірлігіндегі рөлі және халықтар арасындағы әдеби байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.

Жиында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түрік әдебиеті қорының төрағасы Серхат Кабаклы, Әзербайжанның Халық жазушысы Шыңғыс Абдуллаев, Түркі әлемі ғалым әйелдер кеңесінің төрайымы Махира Гусейнова, түркітанушы ғалым Шәрәф Джалили, жазушы Варис Йолчуев, ғалым Фуад Мамедов және басқа да әдебиет пен мәдениет өкілдері қатысты.

Ататүрік орталығының төрағасы Низами Джафаров қатысушыларды құттықтап, иүркі әлемінің әдеби-мәдени байланыстарын дамытуда мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның ашылу сөзін сөйлеген «Түркі әлемі әйел ақындары» одағының төрайымы Хураман Мурадова поэзияның шекара танымайтын, адамдар мен халықтарды бір-біріне жақындастыратын рухани күш екенін айтты. Хураман Мурадова: «Поэзия шекара танымайды. Поэзия төлқұжат талап етпейді. Поэзия бір жүректе туып, мың жүректе орын алады. Бүгін бізді көне де асыл Бакуімізде басын қосқан да дәл осы – сөздің құдіреті, поэзияның тынысы мен көңіліміздің бірлігі», – деп атап өтті.

Жиналғандарды бір арнаға тоғыстырған тек әдеби шара ғана емес, ортақ тамыр, сөз, поэзия мен рухани сабақтастық екенін айтқан Мурадова: «Бізді мұнда біріктіретін ресми шара емес. Бізді біріктіретін – рухани жақындық, сөзіміз, поэзиямыз, ортақ тамырымыз бен бір-бірімізге деген сүйіспеншілігіміз», – деді.

Кездесуге Түркиядан Инджи Окумуш, Гонджа Хатуноглу Йылмаз, Сюндюс Арслан Акча, Юксел Кабаклы, Гюльшах Кабаклы және өнерпаз Иджлал Аккашлан, Өзбекстаннан Наргиза Эсадова, Қазақстаннан Әсель Оспан, Қырғызстаннан Толгонай Сарыева, Солтүстік Кипрден Фейзан Корур, Солтүстік Македониядан Лейла Шериф Эмин, Башқұртстаннан Тәнзилә Дәулетбердина, Татарстаннан Шәмсия Джахангирова, Оңтүстік Әзербайжаннан Шарифа Джафари қатысты.

Іс-шарада сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев: «Бүгінде Түркі әлемі ғылым, мәдениет саласында бірігіп, ортақ мақсаттар жолындағы қызметін одан әрі нығайтып келеді. Шекаралар мемлекеттерді бөлгенімен, оларды мәдениет, өнер мен поэзия руханиат біріктіреді. Осы тұрғыдан алғанда, ортақ мәдени құндылықтар – түркі әлемі бірлігінің ең маңызды тіректерінің бірі. Түркі әлемінің ортақ зердесін сақтап отырған ең басты құндылықтардың бірі – әдебиет. Ғасырлар бойы жалғасқан ұлы әдеби дәстүр халықтарымыздың пайым-парасатын, дүниетанымын, рухани құндылықтары мен тарихи түсінігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келді. Бұл бай әдеби дәстүр бізді бір өркениет шаңырағының астына біріктіреді», – деді.

Түркі әлемі әйел ақындары одағының жұмысы мен Бакудегі кездесуге де тоқталған Сұлтан Раев: «Түркі әлемінің түкпір түкпірінен келген әйел ақындардың бас қосуы – поэзияның халықтарымыз арасындағы ең қуатты рухани көпірлердің бірі екенін көрсетеді. Хураман Мурадованың бұл бағыттағы еңбегі мен бастамашылдығы жоғары бағалауға лайық. Әйел ақындардың үнін тоғыстыру арқылы ол тек Әзербайжанның әдеби ортасына ғана емес, сонымен бірге күллі түркі әлемінің мәдени ынтымақтастығын дамытуға да үлкен үлес қосуда.

Мұндай бастамалар тұрақты сипатқа ие болып, әйел ақындардың шығармаларын насихаттауға, өзара аударуға және түркі әлемінің түрлі елдеріндегі оқырмандарға ұсынуға жаңа мүмкіндіктер ашуы тиіс деп сенемін. Осы тұрғыдан алғанда, Бакуде өткен бұл кездесуді болашақ ынтымақтастықтың игі бастамасы ретінде бағалаймын. ТҮРКСОЙ да өз тарапынан әрдайым қолдау көрсетеді», – деп сөзін түйіндеді.

Медиа галереясы

(10)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған