TÜRKSOY
27 қыркүйек 2026

Түрікменстанның Тәуелсіздік күні құтты болсын!

glawny

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев Түрікменстанның Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай құттықтау жолдауын жариялады.

Өз жолдауында Сұлтан Раев Түрікменстанның тәуелсіздік жылдарындағы тарихи жетістіктеріне және түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын байытуға қосқан ерекше үлесіне тоқталып, бауырлас түрікмен халқының тәуелсіздік қуанышын шын жүректен бөлісетінін атап өтті.

С. Раев өз мәлімдемесінде былай деді:

«Түркі әлемінің жарық жұлдызы Түрікменстанның тәуелсіздік алауы — ортақ мәдениетіміз бен өркениетіміздің де сәулесі. Ортақ кеңістігімізде жүзеге асырып жатқан мәдени бағдарламаларымыз бен өнер кездесулерімізде түрікмен бауырларымыздың танытқан жігері үлкен еңбек. Бауырлас еліміздің қол жеткізген осы бір ұлы тарихи жетістіктерін әрдайым мақтанышпен бақылап келеміз. Осы орайда жеке өзімнің және ұйымымыздың атынан барша түрікмен халқына ыстық ықыласымды білдіремін: Түрікменстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы құтты болсын! Құттықтаймын!»

Сонымен бірге мәлімдемеде ТҮРКСОЙ аясында Түрікменстанмен бірлесіп жүзеге асырылатын жобалар, фестивальдер мен іс-шаралар алдағы уақытта да түркі әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығын одан әрі нығайта беретіні атап өтілді.

Медиа галереясы

(2)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған