Астанада Тойған Ізімнің 75 жасы тойланды
Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда ұйымдастырылған шараға Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, жазушылар мен ақындар, өнер ұжымдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі Нышанкүл Қаратаева қатысты.
Бағдарламада Т. Ізімнің қазақ би өнерін зерттеуге, ұлттық хореографияның ғылыми негіздерін қалыптастыруға және ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі кеңінен сөз болды.
Салтанатты жиында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың атынан сөз сөйлеген Н. Қаратаева Тойған Ізімді мерейтойымен құттықтап, түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға қосқан бағалы еңбегін ерекше атап өтті.
Сөз кезегінен кейін Қаратаева түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасына және ұлттық өнердің дамуына ұзақ жылдар бойы қосқан үлесі үшін Тойған Ізімге «ТҮРКСОЙ» медалін табыс етті.