БҰҰ Өркениеттер альянсының жиынында түркі әлемінен бейбітшілік пен диалог үндеуі жасалды
2026 жылдың 25 қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткен Өркениеттер альянсы (UNAOC) Достар тобының жоғары деңгейдегі жиынына түркі әлемінің өкілдері жоғары деңгейде қатысты.
UNAOC Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносттың төрағалығымен өткен шарада ТҮРКСОЙ-ға мүше елдерден Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Түркіменстан өкілдері сөз сөйледі.
Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ялчин Рафиев Бакуде өтетін VII Дүниежүзілік мәдениетаралық диалог форумы UNAOC жұмысына маңызды үлес қосатынын атап өтті.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев дінаралық келісімді нығайту мен бейбіт түрде қатар өмір сүру мәдениетін кеңінен дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.
UNAOC-тың тең демеушілерінің бірі Түркияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Левент Гүмрүкчү мәдени әртүрлілік қауіп-қатер емес, керісінше ерекше қуат көзі ретінде қарастырылуы тиіс екенін айтып, артып келе жатқан төзімсіздік пен жіктелуге қарсы өркениеттер арасындағы диалогтың маңыздылығына назар аударды.
Түркіменстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Вепа Хаджиев диалог, өзара құрмет пен халықаралық құқыққа адалдықтың қақтығыстардың алдын алудағы рөлін баса айтып, UNAOC-пен ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Жиында өркениеттер арасындағы диалогты нығайту, мәдени әртүрлілікті қорғау және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында өзара пікір алмасылды.