TÜRKSOY
23 қараша 20261 мин оқу

Стамбұлда алғаш рет «Жәмилә» мюзиклі сахналанды

WhatsApp Image 2026-11-23 at 13.39.29 (4)

Стамбұлда 22 қараша күні Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Қырғыз Ұлттық филармониясының әртістері Шыңғыс Айтматовтың повесі негізінде жазылған «Жәмилә» мюзиклін сахналады. Бұған дейін Мәскеу, Алматы, Астана және Баку көрермендеріне ұсынылған туындының Түркиядағы тұсаукесері Ататүрік мәдениет орталығындағы «Türk Telekom» опера залында өтті.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев қойылым алдында өткен салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Айтматовтың өз туындылары арқылы әлем әдебиетіне баға жетпес мұра қалдырғанын атап өтті.

Жиында Раевтан бөлек Қырғызстанның Анкарадағы Елшісі Руслан Қазақбаев, Қырғызстан Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрінің орынбасары Айбек Дайырбеков, Түркі инвестициялық қорының президенті Қуанышбек Өмірәлиев, Қырғызстанның Стамбұлдағы Бас консулы Шыңғыс Тоқтобеков және Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Қырғыз Ұлттық филармониясының бас директоры Қырғызбай Осмонов сөз сөйледі. Іс-шараға Қырғызстанның ТҮРКСОЙ жанындағы өкілі Марат Тағаев та қатысты.

Сұлтан Раев Жәмиләның рөлін сомдаған Айзада Мұқанбетқызын, Даниярдың бейнесін ашқан Құрал Шоқоевты, жас Сейіттің рөліндегі Ақсай Мұқамбетұлын, Қырғызбай Осмоновты және мюзиклдің режиссері Болот Тентимишовті марапаттады.

Айтматовтың алғаш рет 1958 жылы жарық көрген шығармасының желісімен жазылған мюзикл Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қырғыз ауылында Жәмилә мен Даниярдың арасында тұтанған махаббат хикаясын жас Сейіттің көзімен баяндайды. Мюзиклдің музыкасын Мырзалы Жээнбаев жазса, сахналық мәтінін Ұлан Зайнидинұлы мен Болот Тентимишов әзірлеген.

Медиа галереясы

(28)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған