Халықаралық Түркия музей ісі конгресінде ТҮРКСОЙ Музейлер бірлестігі таныстырылымы өтті
17 қарашада Түркия Президенті Әкімшілігінің Ұлттық кітапханасында Халықаралық Түркия музей ісі конгресі басталды. Шараға Түркияның Вице-президенті Джевдет Йылмаз, Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой және Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев қатысты.
Конгресс жұмысы 18 қарашада секциялық отырыстармен жалғасты. Ашылу панелінде ТҮРКСОЙ Музейлер бірлестігі таныстырылды.
Таныстырылымнан кейін Қырғызстан Шежіре музейі қоры ТҮРКСОЙ Музейлер бірлестігінің 2027 жылғы кезекті төрағалығына сайланған Мәдени мұралар және музейлер бас директорының орынбасары Бүлент Гөнүлташқа арнайы медаль табыстады.