ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Юнус Эмре институтына арнайы барды
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев Анкара әлеуметтік ғылымдар университетінің ректоры Мұса Казым Арыджанмен және Юнус Эмре институтының басшысыСелим Аргунға арнайы барып, кездесу өткізді.
Юнус Эмре институтында өткен кездесуде түркі әлемінің ортақ мәдени және әдеби мұрасын сақтау және оны халықаралық деңгейде насихаттау мәселелерімен қатар, мекемелер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесу барысында түркі халықтары арасындағы мәдени байланыстарды нығайту, ортақ мұраны жас ұрпаққа жеткізу, сондай-ақ мәдениет, өнер, әдебиет пен білім беру салаларында жүзеге асырылатын бірлескен жобалар сөз болды.