TÜRKSOY
5 ақпан 20252 мин оқу

Полат Бүлбүлоғлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Оралу» атты кеш өтті

ccccccccccccccccccccccccc

4 ақпанда Бакудегі Гейдар Әлиев сарайында әйгілі әзербайжандық өнер қайраткері, композитор, халық әртісі, Әзербайжан Ұлттық Мәжілісі Мәдениет комитетінің төрағасы және ТҮРКСОЙ ұйымының негізін қалаушы бас директоры Полат Бүлбүлоғлының 80 жылдық мерейтойына орай арнайы ұйымдастырылған «Оралу» атты тамаша концерт өтті.

Әзербайжан Мәдениет министрлігі ұйымдастырған кешке мемлекет және қоғам қайраткерлері, парламент мүшелері, өнер сүйер қауым қатысып, Бүлбүлоғлының өнеріне тәнті болды. Кеш жүргізуші Әзербайжан Президенті Илхам Әлиевтің 2025 жылғы 3 ақпандағы жарлығымен Полат Бүлбүлоғлыны 1-дәрежелі «Отанға қызметі үшін» медалімен марапаттағанын хабарлады және жарлық мәтінін оқыды.

Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени байланыстар жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой да өнер қайраткеріне РФ Президентінің, Премьер-Министрінің және үкімет мүшелерінің құттықтауын жеткізді.

Концерттік бағдарламада Полат Бүлбүлоғлының көрерменнің жүрегінен орын алған шығармалары мен Әзербайжан халық әндері орындалды. Сондай-ақ Әзербайжанның танымал әртістері Самир Джафаров, Әзербайжан мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры Юсиф Эйвазов, Мәскеу Үлкен театрының солистері Юсиф Эйвазов, Эльчин Азизов, Динара Алиева, Өзбекстан мен Әзербайжанның халық әртісі Феррух Зекиров пен Әзербайжанның еңбек сіңірген әртісі Наргиз Каримова да кешке көрік берді.

Белгілі пианистер мен халық әртістері Ферхад Беделбейли мен Мурад Адыгүзелзаденің сүйемелдеуімен орындалған «Аве Мария» (Динара Әлиевамен дуэт) және «Қымбатты Канан» пьесалары көрермендердің қошеметіне бөленді.

Әзербайжан мемлекеттік би ансамблі (көркемдік жетекшісі: халық әртісі Руфет Халилзаде) сахналаған «Ұзын дария», «Сары келін» және басқа да халық билері сахналанды.

Өнерпаздарды дирижер Муртуза Булбул басқаратын Узеир Хажыбейли атындағы Әзербайжан мемлекеттік симфониялық оркестрі сүйемелдеді. Концерттің хореографы – еңбек сіңірген артист Этери Цеферова және режиссері – Джавид Имамвердиев.

Кешке ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев та қатысып, Полат Бүлбүлоғлыны құттықтады. Раев өзінің тек Әзербайжан үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін маңызды өнер және мәдениет қайраткері екеніне тоқталып, түркі әлемінің ортақ мәдениеті мен өркениетін қорғау және тарату миссиясы бар халықаралық ұйым ТҮРКСОЙ-дың негізін қалаушы ретінде есімінің Түркі әлемі тарихына жазылғанын айтты.

Өнерпаздың «Шен Әзербайжан» әнімен ашылған кеш өнерпаздың ұмытылмас туындысы «Одлар Юрдум Беним» атты туындысымен аяқталды. Әзербайжан музыка мәдениетін байытқан композитордың 80 жылдық өнер жолын бейнелейтін бұл тамаша кештен көрермендер ұмытылмас естеліктермен қайтты.

Медиа галереясы

(11)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған