Анкарада түркі әлемі өнер университеттері одағының VI кезекті отырысы өтеді
Түркі әлеміндегі өнер университеттерінің басын қосатын түркі әлемі өнер университеттері одағының VI кезекті отырысына дайындық жұмыстары Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшылығында өткен кездесуде талқыланды.
Анкара музыка және бейнелеу өнері университетінің ректоры әрі Одақтың төрағасы Гүлчин Яхья Качар осы мақсатта Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевпен арнайы кездесті.
Жиында қараша айының екінші аптасында Анкарада өтуі жоспарланған шараның дайындық және ұйымдастыру үдерісі сөз болды.
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф пен протокол басшысы Фатих Әлийі де қатысқан бұл жүздесуде өнер білімі саласындағы ынтымақтастық тұрғысынан маңызы зор отырысқа қатысты тараптар өз пікірлерін ортаға салды.