TÜRKSOY
25 желтоқсан 20253 мин оқу

Көрнекті түрік әлеуметтанушысы Зия Гөкалптің туғанына 150 жыл

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы 2026 жылды түріктің көрнекті әлеуметтанушысы, ақын, жазушы, түркішілдік (пантюркизм) идеологиясының негізін қалаушылардың бірі Зия Гөкалптің 150 жылдығына арнайды. Түркі әлемінің ортақ тарихына, тіліне, әдебиетіне, өнеріне және таным-түсінігіне үлес қосқан тұлғалардың мұрасын дәріптеуді мақсат еткен ТҮРКСОЙ «Еске алу жылдары» бағдарламасы арқылы бұл құндылықтарды халықаралық деңгейде насихаттап, болашақ ұрпаққа жеткізуде.

2010 жылдан бері жалғасып келе жатқан «Еске алу жылдары» бағдарламасы түркі әлемінің түрлі аймақтарынан шыққан ғалымдарды, ақындарды, жазушыларды, ойшылдарды және өнерпаздарды ортақ мәдени құндылықтың бір бөлшегі ретінде тоғыстырады. Жыл бойы өткізілетін ғылыми, мәдени және өнер шаралары арқылы бұл тұлғалардың еңбектері қайта қаралып, түрлі түрік тілдерінде жарияланып, кеңірек оқырман қауымға жол тартады.

ТҮРКСОЙ «Еске алу жылдары» қалай жарияланады?

ТҮРКСОЙ «Еске алу жылдары» мүше елдердің мәдениет министрліктерінің ұсыныстары негізінде, ұйымның ең жоғары шешім қабылдау органы — ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің шешімімен қабылданады. ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері мен өкілетті өкілдерінің қатысуымен өтетін жиналыстарда түркі әлемінің мәдени және ғылыми өмірінде із қалдырған тұлғалар мен олардың маңызды туған немесе қайтыс болған жылдықтары талқыланады.

Тұрақты кеңес қабылдаған шешіммен жыл сайын түрлі елдерде ортақ іс-шаралар ұйымдастырылады. ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі 2022 жылғы жиында еске алу жылын 2 жыл бұрын анықтауға шешім қабылдады.

Бұл жоба елдердің өз мәдени құндылықтарын түркі халықтарының бір-бірін тануына мүмкіндік бере отырып, түркі әлемінің ортақ әдебиет, өнер және мәдени мұрасының халықаралық деңгейде көрінуіне себеп болмақ.

2026 жыл – Зия Гөкалпті еске алу жылы

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің ұсынысы бойынша 2024 жылдың 16 қарашасында Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 41-отырысында мүше елдердің мәдениет министрлерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен 2026 жыл «Туғанына 150 жыл болған Зия Гөкалпті еске алу жылы» деп жарияланды.

1876 жылы Диярбакырда дүниеге келген Зия Гөкалп (1876–1924) ақын, жазушы, әлеуметтанушы және ойшыл. Тіл, мәдениет, қоғам құрылымы және өркениет көзқарастарымен Түркиядағы әлеуметтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі болды.

«Түркішіліктің негіздері», «Түркілену, Исламдану, Заманауилану» және «Түрік мәдениетінің тарихы» сияқты еңбектерімен танымал Гөкалп мәдени бірліктің сақталуы мен заманауи даму арасындағы қатынасы жайлы ой толғады. Түркі халықтары арасындағы тарихи, тілдік және мәдени байланыстарға бағытталған ой-пікірлері түркі әлемінің ортақ мұрасына арналған академиялық зерттеулерде бүгінгі күнге дейін маңызды орын алады.

ТҮРКСОЙ жариялаған «2026 жыл –  Зия Гөкалпті еске алу жылы» ойшылдың еңбектерін қайта бағалау, түрлі түркі тілдерінде оқырмандармен қауыштыру және, әсіресе, жас ұрпаққа таныстыру тұрғысынан халықаралық мәдени ынтымақтастық алаңын құрайды.

Бұған дейін еске алу жылы ретінде жарияланған тұлғалар

ТҮРКСОЙ-дың 2010 жылдан бері жариялаған «Еске алу жылдары» аясында түркі әлемінің әдебиет, өнер, ғылым және мәдени өміріне үлес қосқан көптеген тұлға халықаралық іс-шаралармен еске алынды.

  • 2025: Бахтияр Вахабзаде, Нұрғиса Тілендиев, Атай Оғанбаев, Мүнир Нуреттин Селчук және Ашык Кензи
  • 2024: Мақтымқұлы Фраги
  • 2023: Мехмет Акиф Эрсой, Бируни, Темірбек Жүргенов, Бекен Қыдыкеева және Исмет Вехит Гүней
  • 2022: Сүлейман Челеби, Фикрет Амиров және Токтоболот Абдумомунов
  • 2021: Юнус Эмре және Низами Генжеви
  • 2020: Абай Құнанбайұлы
  • 2019: Имадеддин Насими және Ашык Вейсел
  • 2018: Шыңғыс Айтматов, Гара Гараев және Мағжан Жұмабай
  • 2017: Молла Панах Вагиф
  • 2016: Жүсіп Баласағұн
  • 2015: Халдун Танер және Семен Кадышев
  • 2014: Мақтымқұлы Фраги және Токтоғұл Сатылғанов
  • 2013: Мұқан Төлебаев
  • 2012: Мирза Фатали Ахундзаде және Николай Катанов
  • 2011: Абдолла Тоқай
  • 2010: Зәки Уәлиди Тоған

ТҮРКСОЙ «Еске алу жылдары» түркі әлемінің бай мәдени мұрасын ортақ түсінікте тоғыстыратын және өткеннің құндылықтарын болашақ ұрпаққа жеткізетін маңызды халықаралық мәдени ынтымақтастық бағдарламасы.

2026 жыл – Зия Гөкалпті еске алу жылы осы терең тамырлы дәстүрдің жалғасы ретінде түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын жаңа зерттеулер, басылымдар және мәдени кездесулер арқылы оқырман қауымға кеңірек жеткізуді мақсат етеді.

Медиа галереясы

(1)

Видео галереясы

(1)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған