СКТР Мәжілісінің Төрағасы Өзтүрклер ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Раевты қабылдады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Республика Мәжілісінің Төрағасы Зия Өзтүрклер Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құрылғанына 43 жыл толуы мерекесіне орай арнайы келген Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев бастаған делегацияны қабылдады.
СКТР Республика Мәжілісінің мәлімдемесіне сәйкес, қабылдауға Мәжіліс Бас хатшысы Пембе Инанч Унан Эрсез, Баспасөз, сыртқы байланыстар және хаттама директоры Милхан Лакадамялы және Қаржы, техникалық және парламент қызметтері директоры Хасан Бюйүкоғлу да қатысты.