IMG_2940 kopyası.JPG
7 октября 2025 г.

Габалада Түркі ынтымақтастық ұйымдары бас қосты

7 октября 2025 г.

Габалада Түркі ынтымақтастық ұйымдары бас қосты

Әзербайжанның Габала қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) отырысы өтті. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев та түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын таныстырған жиынға қатысты.

Түркі ынтымақтастық ұйымдары бас қосқан жиында Сұлтан Раев ТҮРКСОЙ-дың 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтаудағы іс-шараларына тоқталды. Раев жыл бойы ұйымдастырылған шаралардың Түркі әлеміне айтарлықтай әсер еткенін атап өтіп:

«Ақтау Каспий теңізіндегі түркі әлемінің мәдени және өнер орталығына айналды. Салтанатты ашылуға жүз мыңнан астам көрермен қатысты. Жыл бойы театр, кино, кескіндеме, музыка және әдебиет салаларында ондаған іс-шаралар өткізілді. Бұл шаралар түркі халықтары арасындағы мәдени бауырластықты нығайта түсті», – деді.

Раев ТҮРКСОЙ театр фестивалі, түркі әлемі жас жазушылар кездесуі, халықаралық халық музыкасы және халық билері фестивалі, суретшілер көрмесі, фотосурет күндері, Қорқыт ата кинофестивалі сияқты іс-шаралардың да көрермендерің ерекше ықыласына бқленгенін айтты.

Сондай-ақ ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Ақтаудағы мәдени астана үдерісі түркі әлеміндегі мәдени дипломатияның ең табысты үлгілерінің бірі екеніне тоқталып, түркі мемлекеттері арасында құрылған тұңғыш ынтымақтастық ұйымы ТҮРКСОЙ-да атқарылып жатқан іс-шаралар мәдениет саласында нақты нәтижелер бергенін атап өтті.

Медиа галереясы

TAG_9533.JPG

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған