TÜRKSOY
21 қазан 20261 мин оқу

Әндіжанда Өзбекстан Мемлекеттік драма театры «Ләйлі мен Мәжнүн» қойылымын сахналанды

WhatsApp Image 2026-10-21 at 13.47.51

Өзбекстанның Әндіжан қаласында өтіп жатқан IV ТҮРКСОЙ Халықаралық театр фестивалі аясында Өзбекстан Мемлекеттік драма театры көрермен назарына «Ләйлі мен Мәжнүн» қойылымын ұсынды.

Әлішер Науаидың мәшһүр дастаны желісімен сахналанған бұл туындының әдеби кеңесшісі — Өзбекстанның Халық жазушысы Хайриддин Сұлтан, ал көркемдік жетекшісі — Әлімжан Салимов. Адам баласын нәпсіден тиып, рухани бостандыққа жеткізер құдірет ретінде махаббатты өзек еткен бұл қойылым Мәжнүн бейнесі арқылы махаббатқа көтерілу жолын әсем эстетикалық тілмен суреттейді.

Спектакльдің сахналану тәсілі мен философиялық тереңдігі қазылар алқасының да жоғары бағасына ие болды. Қазылар алқасының мүшесі Гавхар Закирова қойылымның музыкасы мен декорациясының мінсіз үйлесім тапқанын, сондай-ақ бұл туынды Өзбекстандағы ең үздік сахналық еңбектердің бірі екенін атап өтті. Ал Бейбіт Бақтыгереев спектакльдің антикалық, мистикалық және постдрамалық театр элементтерін шебер шендестіргенін тілге тиек етті. Ол сонымен бірге сопылық философияның шынайы көрініс табуын, актерлердің анонимділігі мен айналы кеңістік декорациясын жаңашыл философиялық жетістік ретінде бағалады.

Қазылар алқасының тағы бір мүшесі Нұрхан Услу иләһи махаббат арқауын көрерменге медитативті атмосфера арқылы жеткізу шеберлігін жоғары бағаласа, Фериде Джелилова туындының «Мұғам» операларын елестететін музыкасын және Мәжнүн бейнесінің трагедиялық тереңдігін ерекше атап өтті. Қаныш Кұлмамбетов мәтіннің салмақтылығы кей тұстарда дене қимыл-әрекетінен басым түсіп кеткенін айтып, сөз бен іс-қимыл арасында тепе-теңдікті сақтау қажеттігін ескертті. Түркіменстандық қазылар алқасының мүшесі Агамырат Балтаев әріптестерінің барлық өзекті мәселелерді қамтығанын айта келе, ең басты бағаны халық беретінін және көрерменнің ыстық ықыласы мен толассыз қошеметі бұл еңбектің сәтті шыққанын айғақтайтынын білдірді.

Осылайша, тасаввуфтық (сопылық) тереңдігімен, жаңашыл ізденістерімен және философия пайымдарымен ерекшеленген «Ләйлі мен Мәжнүн» қойылымы IV ТҮРКСОЙ Халықаралық театр фестивалінің шоқтығы биік туындыларының бірі ретінде өнерсүйер қауым мен театр сыншыларының жүрегінде өшпес із қалдырды.

Медиа галереясы

(24)

Video Galerisi

(1)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған