TÜRKSOY
20 қазан 20261 мин оқу

Әндіжанда Қазақстанның «Жастар» театры «Жібек» мюзиклін сахналады

WhatsApp Image 2026-10-20 at 21.39.25

IV ТҮРКСОЙ Халықаралық театр фестивалі аясында өнер көрсеткен Қазақстанның Астана «Жастар» театры «Жібек» мюзиклін сахналап, көрермен мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Өзбекстанның Әндіжан қаласында өтіп жатқан фестивальде Қазақстанның Халық артисі Нұрқанат Жақыпбай режиссерлік еткен «Жібек» мюзиклі театрсүйер қауыммен жүздесті. Ғабит Мүсіреповтің либреттосы бойынша Евгений Брусиловскийдің музыкасына жазылған тарихи «Қыз Жібек» эпосының бұл заманауи пайымдауы өзінің жаңашыл театр тілімен және сахналық пластикасымен ерекшеленді.

Актерлер және сахналық дизайн

Мюзиклде Жібек бейнесін Назерке Серікболова сомдаса, Төлеген рөлін Мейірғат Амангелдин орындады. Бекежан кейіпкерін Бекжан Керімбаев, Шегені Жандәулет Батай мен Нұрбек Елібек, ал Дүрияны Шехназа Қызыханова мен Айман Есенқызы сахнаға алып шықты.

Қойылымның сценографиясын Ерлан Тұяқов жазса, хормейстері — Гүлмира Құттыбадамова, ал хореографы — Шырын Мустафина. Жас актерлер құрамының серпінді энергиясы мен сахна үйлесімі қойылымның эстетикалық қуатын арттыра түсті.

Қазылар алқасының мүшесі Бақтыгереев: «Фестиваль үшін барлық мүмкіндік қарастырылған»

Қойылым аяқталғаннан кейін лық толы зал мен халықаралық қазылар алқасы өнерпаздарды ұзақ уақыт бойы тік тұрып қошеметтеп, кәсіби мамандар жоғары баға берді.

Қазылар алқасының мүшесі, қазақстандық театр сыншысы Бейбіт Бақтыгереев Әндіжанның қонақжайлылығын жоғары бағалап, қаладағы барлық мүмкіндікті фестиваль үшін жұмылдырылғанын атап өтті. Қойылымның көркемдік жетістігіне тоқталған Бақтыгереев:

«Түпнұсқа қазақ музыкасымен бастан-аяқ құрылып, сахналанған театр шығармаларының саны өкінішке қарай өте аз. «Жібек» мюзиклі — осы саладағы олқылықтың орнын толтыратын, әрі жоғары режиссерлік шеберлігімен, әрі кемел сахналық пластикасымен ерекшеленетін өте құнды туынды», — деп баға берді.

Өзбекстанның Әндіжан қаласында театрсүйер қауымның басын қосқан IV ТҮРКСОЙ Халықаралық театр фестивалі алдағы күндері де түркі әлемінің түрлі елдерінен келген таңдаулы театр ұжымдарының қойылымдарын ұсынуды жалғастырады.

Медиа галереясы

(18)

Video Galerisi

(1)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған