TÜRKSOY
29 қазан 20262 мин оқу

Түркі әлемінің көшбасшылары Республика күні орай ұйымдастырылған ресми кешкі аста бас қосты

HV0dkxPXcAAaRRf

Анкара қаласында орналасқан Президент кешенінде29 қазан – Республика күнінің 103 жылдығына орай Түркі Мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII Саммиті аясында ресми кешкі ас берілді. Бағдарлама барысында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа «Түркі әлемінің Жоғарғы ордені», ал Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновке «Әлішер Науаи» атындағы халықаралық сыйлық табысталды. Кеш ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен өтіп, түркі әлемінің түрлі елдерінен келген өнерпаздардың басын қосқан арнайы концертпен жалғасты.

Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоғанның қабылдауымен     Президент кешеніндегі Бештепе Халық көрме залында өткен ресми кешкі асқа ТМҰ XIII Саммитіне байланысты Анкарада жүрген мемлекет және үкімет басшылары, олардың жұбайлары мен жоғары деңгейдегі делегациялар қатысты.

Республиканың 103 жылдығында түркі әлемінің көшбасшыларын бір арнаға тоғыстырған бағдарлама елдер арасындағы бауырластық пен ынтымақтастықты, сондай-ақ ортақ тарихи және мәдени байланыстарды айқындайтын маңызды кездесуге айналды.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа «Түркі әлемінің Жоғарғы ордені» табысталды

Ресми кешкі ас аясында өткен салтанатты рәсімде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа түркі әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығына қосқан үлесі үшін «Түркі әлемінің Жоғарғы ордені» табыс етілді.

Түркі мемлекеттері ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен берілген бұл орденді Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған өз қолымен тапсырды.

Түркі әлемінің ортақ мақсаттарына, елдер арасындағы ынтымақтастық пен әріптестікті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалауды көздейтін бұл марапаттың Жапаровқа берілуі салтанатты жиынның басты оқиғаларының бірі болды.

ТҮРКСОЙ-дың бұрынғы Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновке Әлішер Науаи атындағы халықаралық сыйлық берілді

Сондай-ақ салтанатты кеште 2026 жылғы Әлішер Науаи атындағы халықаралық сыйлық ТҮРКСОЙ-дың бұрынғы Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновке табысталды.

2008-2022 жылдар аралығында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы қызметін атқарған Д. Қасейінов түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын сақтау, мәдени қарым-қатынастарды дамыту және түркі мәдениетін халықаралық аренада насихаттау бағытындағы көпжылдық еңбегімен танымал.

Президент Реджеп Тайып Ердоған табыстаған бұл марапат Д. Қасейіновтің түркі әлемінің мәдени ынтымақтастығына қосқан айрықша үлесі үшін беріліп отыр.

ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен түркі әлемінің өнерпаздары бір сахнада бас қосты

Ресми кешкі астағы концерттік бағдарламада ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен түркі әлемінің түкпір түкпірінен келген өнерпаздары сахнаға шықты. Кеште мың бұралған бишілермен қатар жергілікті және ТҮРКСОЙ оркестрі мен танымал әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетті. 

Республика күнінің 103 жылдығында Түркі мемлекеттері көшбасшыларының қатысуымен өткен бұл концерт ТМҰ XIII Саммитінің «Түркі ғасыры: тілде, пікірде, істе бірлік» тақырыбын мәдениет пен өнер арқылы аша түсті.

Концерт соңында Президент Реджеп Тайып Ердоған мен бағдарламаға қатысқан Түркі мемлекеттерінің басшылары сахна төрінде өнерпаздармен бірге естелік суретке түсті.

Медиа галереясы

(12)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған