TÜRKSOY
16 қараша 20261 мин оқу

Анкарада түрік музыкасы концерті ұйымдастырылды

WhatsApp Image 2026-11-16 at 15.24.26

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының бастамасымен құрылған Түркі әлемі өнер университеттері бірлігінің VI отырысы аясында Анкара музыка және көркемөнер университетінің ұйымдастыруымен «Дәстүрден болашаққа Анадолу мен Балкандағы түрік музыкасы» атты концерт өтті.

2026 жылдың 16 қарашасында Анкара музыка және бейнеөнер университеті Білім факультетінің фойе аймағында өткен концертте университеттің Жаңа музыка ансамблі өнер көрсетті.

Анадолу мен Балкан өңірінің музыка мәдениетін бейнелейтін бағдарламада Өндер Өзкочтің «Септик халайы», Нешет Ерташтың «Халиме қыз» және «Келін не болар», Синан Айылдызының «Қаратеңіз рапсодиясы», Эрберк Эрйылмастың «Сес джюмбүшү», «Қаратеңізден Тракияға» және университет ректоры Гүлчин Яхья Качардың «Хүсейни мандыра» атты туындылары шырқалды.

Концертте музыкалық топ бағлама, кеменче, кавал, зурна, кларнет, дабыл, аккордеон, уд және джюмбүш сынды түрлі аспаптарымен көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 

Медиа галереясы

(6)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған