Сұлтан Раевтың ТМҰ-ның жаңа Бас хатшысы Мирвахид Азимовты құттықтау хаты
Құрметті, Мирвахид АЗИМОВ!
Түркі Мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы,
қадірлі досым,
Түркі Мемлекеттері ұйымының Анкарада өткен XIII Саммитінде Бас хатшы қызметіне тағайындалуыңыз бізді қуантты. Осы маңызды әрі мәртебелі қызметке кірісуіңізбен Сізді жеке өзімнің және Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы атынан шын жүректен құттықтаймын.
Бұған дейінөзіңізбен істес ортақ мақсаттар жолында еңбек ету және түркі әлеміне бірге қызмет ету мүмкіндігіне ие болғанымды әрдайым мақтан тұтамын. Бүгінге дейін созылып келе жатқан достығымыз бен өзара сеніміміздің мен үшін орны бөлек.
Кәсіби тәжірибеңізге, жұмысқа деген ынтаңызға және түркі әлемінің болашағына деген шынайы адалдығыңызға куә болған адам ретінде, осындай зор жауапкершіліктің сізге жүктелгені үлкен мәртебе. Бұл қызмет — жылдар бойы төккен еңбегіңіз бен сеніміңіздің лайықты бағалануы деп білемін.
Бүгінде түркі әлемі ортақ тарихы мен мәдениетінен қуат алып, болашаққа сенімді қадам басып келеді. Осы тарихи үдерісте Түркі Мемлекеттері ұйымы өзіңіздің басқаруыңызбен жаңа жетістіктерге жететініне кәміл сенімдімін.
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы ретінде, бұрын бірге басқан жолымызды бұдан әрі де осындай шынайылықпен, ынтымақтастық әрі үлкен жауапкершілікпен жалғастыра беретінімізге өте қуаныштымыз.
Құрметті Бас хатшы,
Өмірдің бір ғажабы — қаншама жыл бұрын ортақ идеалдарды бөлісіп, бірге жұмыс істеген достарыңның бүгінде сол идеалдарға одан да зор жауапкершілікпен қызмет етіп жатқанын көру. Сіздің бұл қызметке тағайындалуыңыз ұйымдық дамудан бөлек, бұрынғы достың жетістігін бөлісудің шын жүректен шыққан қуанышы.
Осындай ізгі ниетпен өзіңізді тағы да шын жүректен құттықтаймын. Жаңа қызметіңізге зор табыс, денсаулық және амандық тілеймін.
Достығымыз бен түркі әлеміне бірлесе қызмет ету ниетіміз әрдайым баянды болсын! Шынайы сәлеміммен және ізгі ниетіммен,
Сұлтан РАЕВ
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы