Мажарстанда қырғыз киіз үйі ашылды
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың бастамасымен Қырғыз Ұлттық Манас театрының«Лакителек «қорына сыйға тартылған дәстүрлі қырғыз киіз үйі 2026 жылдың 24 қазанында Мажарстанның Лакителек қаласындағы Hungarikum Liget кешенінде өткен салтанатты шарада көпшілік назарына ұсынылды.
Қырғыз мәдениеті күні аясында ұйымдастырылған рәсімге ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев «Лакителек» қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Шандор Лежак (Sándor Lezsák), түркі мемлекеттерінің Мажарстандағы елшіліктерінің өкілдері және көптеген қонақ қатысты.
Жиында сөз сөйлеген Шандор Лежак бұл маңызды сыйлықтың Hungarikum Liget кешеніне табысталуына себеп болған Сұлтан Раев пен Қырғыз Ұлттық Манас театрына алғысын білдірді. Киіз үйдің қырғыз халқының мажар халқына тартуы ретінде келушілерге әрқашан ашық болатынын атап өткен Лежак бұл екі ел арасындағы достықтың мәңгілік белгісі екенін жеткізді.
Ағаш қаңқасы мен киіз жабыны арқылы қырғыздардың көшпелі өмір салтын паш ететін бұл киіз үй – тек баспана ғана емес, сонымен қатар отбасылық өмір, қонақжайлылық пен дәстүрлі қолөнер тоғысқан ерекше мекен. Hungarikum Liget-ке орнатылған киіз үй келушілерге осы бай мәдени мұрамен жақынынан танысуға мүмкіндік береді.
Құттықтау сөздерден кейін лента қиылып, киіз үйдің ресми ашылу салтанаты өтті. Қырғыз өнерпаздары дәстүрлі комуз аспабының сүйемелдеуімен жыр-дастандар орындап, әншырқады. Музыка мен ауыз әдебиеті үндескен бұл бағдарламада қонақтар киіз үйді аралап, қырғыз халқының тұрмыс-тіршілігімен танысты.
Шараға қатысушыларға кептірілген жемістер мен қырғыз мәдениетіне тән ұлттық дәмдер ұсынылды. Осылайша салтанатты ашылу келушілердің қырғыз мәдениетін сәулет өнерімен, музыкасымен және қонақжайлылығымен бірге сезінетін тамаша басқосуға ұласты.
Бас хатшы Сұлтан Раевтың бастамасымен Hungarikum Liget кешеніне жеткізілген бұл киіз үй қырғыз халқының мажар халқына жасаған достық сыйы ретінде қабылдап, келген қонақтарды осы шаңырақта жайғармақ.