TÜRKSOY
30 қазан 20261 мин оқу

Сұлтан Раевтың ТМҰ-ның бұған дейінгі Бас хатшысы Кубанычбек Өмүрәлиевке жолдаған алғыс хаты жарияланды

images-4

Аса мәртебелі, елші, 

Түркі Мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы,

ардақты бауырым, Кубанычбек Өмүрәлиев!

Түркі Мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы қызметін табысты аяқтауыңызға байланысты жеке өзімнің және Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының хатшылығы атынан шын жүректен құттықтаймын. 

Қызмет еткен жылдарыңызда бауырлас мемлекеттеріміз арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға, елдеріміз арасындағы байланысты нығайтуға әрі ұйымымыздың халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған қажырлы еңбегіңізге куә болдым.

Терең дипломатиялық тәжірибеңізбен, парасатыңызбен және мәмілегерлік қабілетіңізбен Түркі Мемлекеттері ұйымына табысты басшылық жасадыңыз. Сонымен бірге, қырғыз дипломаты ретінде өзіңізге жүктелген бұл маңызды халықаралық қызметті жоғары жауапкершілік және біліктілікпен атқарып, еліміз бен халықтарымызды лайықты деңгейде таныттыңыз.

Түркі әлемінің екі бауырлас ұйымының Бас хатшылары ретінде бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғанымыз мен үшін зор қуаныш әрі мақтаныш. Қызмет аясында арамызда қалыптасқан шынайы достықты, өзара сенім мен ұйымдарымыз арасындағы тығыз ынтымақтастықты әрдайым ыстық ықыласпен еске аламын.

Түркі әлемінің бірлігі мен ынтымағы жолында атқарған игі істеріңіз ұйымымыздың институционалдық жадында және ортақ болашағымызды құру жолында өшпес із қалдыратынына шын жүректен сенемін.

Құрметті Бас хатшы,

Қызметтер мен лауазымдар ауысқанымен, түркі әлеміне қызмет ету жолындағы бауырластығымыз және көңіл жақындығымыз мәңгілік деп білемін. Мол тәжірибеңізбен бұдан әрі де түркі әлеміне зор үлес қоса беретініңізге еш күмәнім жоқ.

Осы орайда, Түркі Мемлекеттері ұйымына сіңірген бағалы еңбегіңіз бен Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымымен орнатқан тығыз ынтымақтастығыңыз үшін тағы да алғыс айта отырып, алдағы өміріңізге зор денсаулық, амандық, бақыт және жаңа табыстар тілеймін.

Ыстық бауырластық сәлеммен және зор құрметпен,

Сұлтан РАЕВ

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы


Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған