TÜRKSOY
6 қараша 20261 мин оқу

Сайит Юсуф: «Зия Гөкалптың түркі өркениетіне қосқан үлесі әлемге танытылуы тиіс»

WhatsApp Image 2026-11-06 at 22.04.03 (3)

және түрік ұлтшылдығы (түркішілдік) идеологиясының басты теоретиктерінің бірі Зия Гөкалптың туғанына 150 жыл толуына орай Конья қаласында «Туғанына 150 жыл толуына орай Зия Гөкалп (түрік тілі, тарихы және өркениеті аясында) халықаралық симпозиумы» басталды.

Неджметтин Эрбакан университетінің (НЕУ) ұйытқы болуымен, TDK (түрік тілі қоғамы), ЮНЕСКО істері жөніндегі Түркия Ұлттық комиссиясы, Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы, «Türk Eğitim-Sen» кәсіподағы, сондай-ақ Конья қалалық және Каратай аудандық әкімдіктерінің бірлесе ұйымдастыруымен өтіп жатқан алқалы жиын профессор Фуат Сезгин атындағы конференц-залда ашылды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф түркі халқы қалыптастырған мәдени және рухани құндылықтарды күллі адамзатқа кеңінен таныту қажеттігін атап өтті.

Ортақ мәдени жадымызды келер ұрпаққа аманаттау мақсатында ТҮРКСОЙ-дың 2026 жылды «Зия Гөкалпты еске алу жылы» деп жариялағанын еске салған Сайит Юсуф: «Зия Гөкалп сынды тұлғаларды әлемнің түкпір-түкпірінде танытуымыз керек. Түркі өркениетінің адамзат дамуына қосқан үлесі барша әлемге паш етілуі тиіс», — деді.

Гөкалптың рухани мұрасы түрлі ғылым салалары тұрғысынан талқылануда

НЕУ Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Өмер Сонер Хункан ойшылдың «Түркілену, исламдану, заманауилану» (Türkleşmek, İslamlaşmak, Muasırlaşmak) сияқты іргелі еңбектерін өзге де түркі тілдеріне аударудың ортақ тарихи көзқарасымызды нығайтудағы айрықша маңызына тоқталды.

НЕУ проректоры Бахадыр Фейзиоғлу Зия Гөкалптың тіл, білім және мәдениет саласындағы көзқарастарының әлі күнге дейін өзектілігін жоймағанын айтып, жергілікті тіл ерекшеліктері мен халық ауыз әдебиеті үлгілерін сақтап, жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды.

ЮНЕСКО істері жөніндегі Түркия Ұлттық комиссиясының төрағасы Мехмет Өджал Оғуз Зия Гөкалптың туғанына 150 жыл және қайтыс болғанына 100 жыл толуына орай ұлттық деңгейде өткізіліп жатқан іс-шаралар барысында мекемеаралық ынтымақтастықтың ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Екі күнге созылатын және 56 ғалым баяндама жасайтын симпозиум аясында ТҮРКСОЙ әзірлеген «Зия Гөкалп көрмесі» көпшілік назарына ұсынылды. Ғылыми отырыстардан кейін қатысушылар қайраткердің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін арнайы көрмені тамашалады.

Медиа галереясы

(12)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған