Бішкекте ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Раев түркі халықтарына арналған конференцияға қатысты
2026 жылдың 25 қарашасында Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Бас хатшысы Сұлтан Раев Қырғыз-түрік «Манас» университетінде өткен «Қырғызстандағы түркі халықтары» атты конференцияға қатысты.
Қырғызстан астанасы Бішкекте ұйымдастырылған жиынға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевпен қатар, Қырғызстан халқы ассамблеясының төрағасы Медер Рахман, университет басшылығы, Ассамблея жанындағы мәдени орталықтардың өкілдері, ғалымдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен студенттер қатысты.
Конференция барысында Қырғызстанда тұратын түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдени байланыстары, халықтар арасындағы бірлік пен ынтымақтастық, сондай-ақ түрлі этнос өкілдерінің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орны талқыланды.
Түркі халықтарының бірлігі мен Қырғызстандағы өзбек диаспорасының елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі туралы баяндамалар жасалған алқалы жиында халықтар арасындағы достық пен өзара татулықтың қоғамдық келісім, тұрақтылық және даму жолындағы маңызы айрықша атап өтілді.