Әндіжанда ТҮРКСОЙ Жоғары лауазымды тұлғалар комитетінің 8-отырысы басталды
2026 жылдың 26 қарашасында Өзбекстанның Әндіжан қаласында Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Жоғары лауазымды тұлғалар комитетінің 8-отырысы басталды.
2026 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы — Әндіжан қаласы ұйытқы болып отырған жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстан елдерімен қатар, ТҮРКСОЙ Бас хатшылығының өкілдері қатысуда.
27 қарашаға дейін жалғасатын отырыста 28 қарашада жоспарланған ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 43-отырысына дайындық мәселелері қаралуда. Мүше елдердің өкілдері Тұрақты кеңестің күн тәртібіне ұсынылатын тақырыптар мен құжаттардың жобаларын талқылауда.
Сонымен қатар комитет мүшелері Әндіжанның «2026 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында жыл бойы атқарылған іс-шараларға баға беруде. Жиында мүше мемлекеттердің алдағы кезеңде мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық салаларында бірлесіп жүзеге асыратын жобалары да сөз болды.
Отырысқа қатысушы делегациялар:
Әзербайжан Республикасы: Мәдениет министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің маманы Мүслім Елекберов.
Қазақстан Республикасы: Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ақниет Нұғманова және Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінің кеңесшісі Талғат Кетебаев.
Қырғыз Республикасы: Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігі Сыртқы байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы Нұсыбалы Жақыпбеков.
Өзбекстан Республикасы: Мәдениет министрлігі Сыртқы байланыстар және бағалау басқармасының бастығы Сарвар Фозилжонов және Сыртқы істер министрлігі Өңірлік ұйымдармен ынтымақтастық басқармасының бірінші хатшысы Бобур Тагаев.
Түркия Республикасы: Сыртқы істер министрлігі Түркі әлемі ұйымдары мен қандастар, туыстас қауымдастықтар бас директорының орынбасары, Елші Бирей Йылмазсой, осы Бас дирекцияның бас хатшысы Рабиа Ераслан және Мәдениет және туризм министрлігі ЕО және сыртқы байланыстар департаментінің мәдениет және туризм жөніндегі маманы Мұстафа Өзсой.
Түрікменстан: Мәдениет министрінің орынбасары Дөвран Адыев.