WhatsApp Image 2025-10-24 at 20.05.17
24 октября 2025 г.

«II түркі әлемі жастар форумы» аясында «ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің жиыналды басқосуы өтті

24 октября 2025 г.

«II түркі әлемі жастар форумы» аясында «ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің жиыналды басқосуы өтті

Қырғызстанның астанасы Бішкекте ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен «II түркі әлемі жастар форумы» өтті. Форум аясында алғаш рет ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі симуляциясы (жиыналды басқосу) өткізіліп, түркі дүниесі жастары үшін жаңа бастамаға жол ашылды.

Симуляция ұйымның басқару құрылымына кіретін Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия өкілдерінің қатысуымен өтті. Қатысушылар ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің құрылымын үлгі етіп алып, мәдениет, өнер және жастар саясатына қатысты мәселелерді талқылады.

Жиында жастар өз елдерінің атынан сөз сөйлеп, ортақ жобаларда белсенділік таныту, мәдени мұраны сақтау және болашаққа арналған ортақ көзқарасты қалыптастыру жөнінде пікір алмасты. Ұсыныстар мен баяндамалар әзірлеген өкілдер ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелерін талқылап, түркі дүниесінің болашағына қатысты ортақ шешім жобаларын ұсынды.

Симуляцияның басты мақсаты – жастардың дипломатиялық, көшбасшылық және коммуникациялық дағдыларын дамыту арқылы түркі әлемінің мәдени бірлігіне үлес қосу. Биыл алғаш рет өткен бұл шара қатысушылардың зор қызығушылығымен және мазмұнды отырыстарымен ерекшеленді.

Бағдарлама соңында жас өкілдер бірлік, ынтымақ және ортақ мәдени болмыс идеясын дәріптеп, түркі дүниесі жастары арасындағы өзара байланыстарды нығайтуға ниет білдірді.

ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф симуляцияның алдағы жылдары жетілдіріліп, тұрақты түрде өткізілуі жоспарланып отырғанын айтты.

Жабылу отырысы мен қол қою рәсімі ертең өтеді.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-10-24 at 20.05.19 (1)
WhatsApp Image 2025-10-24 at 20.05.19
WhatsApp Image 2025-10-24 at 20.05.18
WhatsApp Image 2025-10-24 at 20.05.18 (3)
WhatsApp Image 2025-10-24 at 20.05.18 (2)
WhatsApp Image 2025-10-24 at 20.05.18 (1)
WhatsApp Image 2025-10-24 at 20.05.17 (3)
WhatsApp Image 2025-10-24 at 20.05.17 (2)
WhatsApp Image 2025-10-24 at 20.05.17 (1)
WhatsApp Image 2025-10-24 at 20.05.16
WhatsApp Image 2025-10-24 at 20.05.16 (3)
WhatsApp Image 2025-10-24 at 20.05.16 (1)
WhatsApp Image 2025-10-24 at 20.05.16 (2)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған