TÜRKSOY
21 қазан 20251 мин оқу

Ақтауда «IV түркі әлемі музейлер» жиыны өтті: кілемдер мен тас ескерткіштер түркі мәдениетін жақындастырды

WhatsApp Image 2025-10-21 at 15.33.31 (1)

2025 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып таңдалған Қазақстанның Ақтау қаласында түркі мәдени мұрасы - «кілем» мен «тас ескерткіштер» танытылды. Түркі әлемінің Музейлер одағы ұйымдастырған «IV Түркі дүниесі Музейлер жиыны» 2025 жылдың 6-17 қазан аралығында, түркі дүниесінен 40-тан астам музей маманының қатысуымен өтті.

Іс-шаралар аясында түркі дүниесінің ортақ жадын бейнелейтін «тас ескерткіштер» негізгі тақырып ретінде қарастырылды. Ақпарат алаңы барысында тарихтан бүгінгі күнге дейінгі бұл үнсіз куәгерлерді сақтау, таныту және мәнін түсіндіру бойынша маңызды пікірталастар өткізілді.

Түркі дүиесі кілемге ойылды

Кездесудің ең басты оқиғаларының бірі, 2025 жылдың 16 қазанында Әбіш Кекілбаев Маңғыстау тарихи музейінде алғаш рет ұйымдастырылған «Түркі дүниесі ортақ кілем көрмесінің» ашылуы болды. Көрмеде «Түркі әлемі Музейлер одағына» мүше елдер: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан және Гагаузиядан мұқият таңдалған дәстүрлі кілемдер көрермендерге көркем көңіл-күй ұсынды. Әрбір ел осы арнайы көрме үшін өз мәдениетінің өрнектерін бейнелейтін кілемді коллекцияға сыйға тартты.

Одақтың маңызды шешімдері

Сол күні «Түркі әлемі музейлер одағының» IV мерзімді отырысы Одақ төрағасы және Қазақстан Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиевтың төрағалығымен өткізілді. Басқосуда түркі музей ісінің болашағы үшін маңызды шешімдер қабылданды:

  • Музейлер одағының келесі кезеңдегі төрағалығы Өзбекстанға берілуі,
  • Венгрия Ұлттық музейінің ел координаторы ретінде Одақ мүшелігіне қабылдануы,
  • Келесі отырыстың Өзбекстанда өтуі туралы шешім қабылданды.

Отырыс барысында сондай-ақ жаңа мүшелер болып табылатын Маңғыстау тарихи музейі мен Венгрия Ұлттық музейі ресми мүшелік сертификаттары ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев атынан табысталды.

Айта кетейік, кездесу түркі дүниесінің ортақ мәдени мұрасын қорғау және сақтау жолын тағы бір рет көрсетті. Сондай-ақ музейлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға себеп болды.


 


 

Медиа галереясы

(34)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған