TÜRKSOY
22 қараша 2024

ТҮРКСОЙ Қырғызстан Жазушылар одағының 90 жылдығын атап өтті

WhatsApp Image 2024-11-23 at 22.47.36 (1)

2024 жылы 21 қарашада Бішкек қаласында Қырғызстан Жазушылар одағының 90 жылдығы аталып өтті.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Қырғызстан Жазушылар одағының мерейтойына орай ұйымдастырылған шарада көптеген қаламгерге медальдар, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Шараға қатысқан Қырғыз Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы Аликбек Жапаров әлеуметтік мәселелерді шешудегі әдебиеттің рөліне тоөталды. Жапаров Жазушылар одағын қолдайтын бірқатар ұсыныстарын айтып, ата-аналарды күніне кем дегенде 15 минут балаларға кітап оқуға шақырды.
Жазушылар одағын халықаралық ұйымдар мен әр елден келген қонақтар да құттықтады. Қатысушылар арасында Еуразия Жазушылар одағының президенті Уфук Тузман, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының президенті Улукбек Есдавлетов, Өзбекстан Республикасы Жазушылар одағының вице-президенті Гайрат Мецидов сынды маңызды есімдер болды.
Барлық баяндамада Шыңғыс Айтматовтың әлем әдебиетіндегі оргы ерекше атап өтілді. Шара соңында Қырғызстан Жазушылар одағының президенті Қаныбек Иманалиевтің бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы  2028 жылды Айтматовтың 100 жылдығы на орай «Айтматов жылы» деп жариялау туралы шешім қабылданғаны айтылды.

Медиа галереясы

(20)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған