TÜRKSOY
15 қараша 20261 мин оқу

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Раев СКТР-ның құрылғанына 43 жыл толуына арналған салтанатты шараға қатысты

WhatsApp Image 2026-11-15 at 17.53.50

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) құрылғанына 43 жыл толуына орай Фазыл Күчүк бульварында салтанатты әскери шеру өтті.

Салтанатты шараға СКТР Президенті Туфан Эрхүрман, Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмаз, Республика Мәжілісінің Төрағасы Зия Өзтүрклер, Премьер-министр Үнал Үстел, Жоғарғы Сот Төрағасы Бертан Өзердаг, СКТР-ның eкінші Президенті Мехмет Али Талат, Түркияның Никосиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Мұрат Башчери, Кипр түрік бейбітшілік күштерінің қолбасшысы, генерал-лейтенант Эртан Иналтекин, Қауіпсіздік күштерінің қолбасшысы, генерал-майор Шүкрү Билир, негізгі оппозициялық Республикалық түрік партиясының басшысы Сыла Усар Инджирли, министрлер, депутаттар, әскери басшылық, саяси партиялар мен ардагерлер бірлестіктерінің, өзге де мекемелер мен ұйымдардың өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Сонымен қатар салтанатты рәсімге Түркия Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер, Бас штаб бастығы, армия генералы Селчук Байрактароғлу, Құрлық әскерлерінің қолбасшысы, армия генералы Метин Токел, Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы, адмирал Эрджүмент Татлыоғлу, Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, армия генералы Рафет Далкыран, Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркия Республикасының ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Куталмыш Ялчын және Түркиядан келген ресми делегация мүшелері қатысты.

Мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталған рәсімде әскери құрамалар сап түзеп, Президент Туфан Эрхүрман халықты мерекемен құттықтады.

Құттықтау жеделхаттары оқылғаннан кейін Лефке мен Еренкөйден жеткізілген тулар Президент Эрхүрманға табысталды.

Салтанатты жиында Президент Туфан Эрхүрман мен Түркия Республикасының Вице-президенті Йылмаз сөз сөйледі.

Мерекелік шара Ұлттық қорғаныс министрлігі Мехтеран оркестрінің концертінен кейінгі салтанатты шерумен қорытындыланды.

Медиа галереясы

(3)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған