TÜRKSOY
22 қазан 20261 мин оқу

Скопьеде ІІІ Халықаралық түркі әлемі әйелдерінің құрылтайы өз жұмысын бастады

WhatsApp Image 2026-10-22 at 22.17.35 (1)

Солтүстік Македонияның астанасы Скопье қаласында ТҮРКСОЙ-дың «Түркі әлеміндегі әйел» тақырыбындағы түркі әлемінің көшбасшы әйелдерінің басын қосқан «ІІІ Халықаралық түркі әлемі әйелдерінің кұрылтайы»сурет көрмесімен басталды. 

«Ұмай Ана» түркі әлемі әйелдер бірлестігі,  Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі, Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы, Түркі ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA), Шетелдегі түріктер және бауырлас қауымдастықтар басқармасы (YTB) және басқа да серіктес ұйымдардың ұйымдастыруымен өткен құрылтай түркі әлеміндегі әйелдердің ғылым, мәдениет, өнер, білім және қоғамдық өмірдегі рөлін талқылауға арналған маңызды платформаға айналды.

Құрылтай аясында өнерсүйер қауымның назарына ұсынылған сурет көрмесі түркі әйелінің көшбасшылық рөлін, мәдени мұраны сақтаудағы үлесін және қоғамдағы орнын өнердің әмбебап тілімен суреттейді. Түркі әлемінің ортақ мәдени құндылықтарын өнер арқылы айқындай түсуді көздеген бұл көрме түркі әйелінің өткеннен бүгінге дейінгі жиған-терген тәжірибесі мен өнімді еңбегін паш еткен мазмұнды жүздесуге ұласты.

Құрылтайдың ашылу рәсіміне Түркияның Скопьедегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Альпер Акташ, «Ұмай Ана» түркі әлемі әйелдер бірлестігінің (TÜRKKAB) төрайымы Муалла Уйду Юджел, Түркі әлемін зерттеу қорының (TÜRKDEV) жауаптысы, заңгер Гөркем Четин, Дүниежүзілік ахыска түріктері бірлестігінің (DATÜB) Бас хатшысы Фуад Учар, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың атынан ТҮРКСОЙ сарапшысы Мехбаре Шахин, Скопьедегі Юнус Эмре институтының өкілі Юнус Дилбер, Солтүстік Македония Түрік ұлттық бірлік қозғалысының төрағасы Эрдоган Сарач, Түрік демократиялық партиясының төрағасы Зүльфикар Зейнула және депуатат Бейджан Ильяс қатысты.

Ашылу сөзінде түркі әйелдерінің қоғамдық дамуға, мәдени мұраны дәріптеуге және ортақ құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізуге қосып отырған үлесінің маңызы баса айтылды.

Түрлі елдерден келген ғалымдардың, зерттеушілер мен азамат қоғамы өкілдерінің басын қосқан екі күндік құрылтай жеті түрлі жиыннан кейін өз мәресіне жетеді.

Медиа галереясы

(16)

Video Galerisi

(2)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған