TÜRKSOY
22 қазан 20261 мин оқу

Ақ ат» қойылымы: Әндіжанда Ашхабад жер сілкінісінің қасіретін суреттейтін қойылым сахналанды

WhatsApp Image 2026-10-21 at 17.49.50 (1)

Өзбекстанның Әндіжан қаласында өтіп жатқан IV ТҮРКСОЙ Халықаралық театр фестивалі аясында Түркіменстанның Ұлы Сапармұрат Түркіменбашы атындағы Мемлекеттік академиялық драма театры көрермен назарына «Ақ ат» атты спектакльді ұсынды.

Драматург Баба Аннановтың қаламынан туған бұл шығарманың режиссері — Мекан Джумабаев. Театрдың бас көркемдік жетекшісі — Түркіменстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрберді Ходжаев. Қойылымда Джемал бейнесін Түркіменстанның Халық артисі Маягөл Аннаева, Назира рөлін Түркіменстанның Халық артисі Гүләлек Акмырадова, ал Алишерді Бегенч Гарлыев сомдады.

Драмалық сюжетке құрылған «Ақ ат» спектаклі 1948 жылы Түркіменстанның астанасы Ашхабадта болған жойқын жер сілкінісі мен екі отбасының тағдыр тоғысын арқау етеді. Үйінді астында қалған жылқышы Гурбанның кішкентай ұлы Азат аман құтқарылып, Өзбекстанға жеткізіледі. Бүлдіршінді балалар үйінен асырап алған өзбек әйелі Назира оғанӘлішер  деп ат қояды. Жер сілкінісінен ауыр жараланып, арада жылдар өтіп барып есін жиған туған анасы Джемалдың ұлын іздеп жолға шығуымен оқиға әрі қарай өрбиді.

Фестивальдің қазылар алқасы 1948 жылғы Ашхабад жер сілкінісінің апатты зардаптарын және екі халықтың бауырмалдығын сахналаған туындының эмоциялық әрі адами тереңдігіне ерекше назар аударды. Қазылар алқасының мүшесі Каныш Кулмамбетов бұл қойылымның қасіреті мен адами құндылықтарды көрерменге жеткізгенін айтса, Бейбіт Бақтыгереев туындының адам табиғатын, жанқиярлық пен қайғыны классикалық драматургияның қуатты элементтерімен шебер сахналағанын жоғары бағалады.

Қазылар алқасының мүшесі Гавхар Закирова спектакльдің негізгі қуаты өмірдің шынайы болмысынан бастау алатынын жеткізді. Автор Баба Аннановтың Түркіменстаннан Өзбекстанға қоныс аударып, өзбек ананың қолында өскен Әлішердің шынайы өмірден шабыт алуы шығармаға ерекше рух бергенін атап өтті. Фериде Джелилова екі ананың басынан кешкен қайғысы мен балаға деген шексіз махаббаты сахнада асқан тебіреніс, ыстық ықыласпен өрнектелгенін білдірді. Түркіменстандық қазылар алқасының мүшесі Агамырат Балтаев бұл тебірентерлік хикая түркімен мен өзбек халықтарының арасындағы тарихи достықтың, қиын-қыстау сәттегі бауырмалдық пен ортақ тағдырдың айқын символы екенін жеткізді.

Табиғи апаттан туындаған трагедияны сахна төрінде шеберлікпен өрбіткен «Ақ ат» қойылымы «Ананың тілін ана ұғады» деген философиялық түйінмен көрермендерге тебіреністі сәттер сыйлап, фестивальдің ең жарқын туындыларының біріне айналды.

Медиа галереясы

(21)

Video Galerisi

(1)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған