TÜRKSOY
7 сәуір 20241 мин оқу

Қазақстандағы су тасқыны: ТҮРКСОЙ ұйымы зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді

IMG_0315

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді. Ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстан халқы мен билігіне арнайы үндеу жолдады.

"Құрметті бір туғандарым, құрметті бауырластарым! Бүгінде Қазақстан басынан қиын- қыстау күндер өткеруде. Қазақстанның солтүстік облыстарының біраз жерін су басып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне ауыртпалық әкелді. Қазақстан экономикасы үлкен салмақ түсті.  Осындай жағдайда халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы сіздермен бірге екенін білдірміз келеді.  Қайғыларыңызды бөлісуге әрқашан дайын екенімізді хабарлаймыз. ТҮРКСОЙ ұйымы атынан, сондай-ақ ұйымға мүше 14 мемлекеттің атынан Сіздерге күш-қуат және сабырлық тілейміз. Жақсы күндер әлі алда", - деді Раев.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның 10-ға жуық облысында су тасқыны боп, 70 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Қазақстанның Бас прокуратурасының мәлімдемесіне сүйенсек, күрделі жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалады.


Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған