TÜRKSOY
9 қараша 20261 мин оқу

10 қараша – Ататүрікті еске алу күні: Сұлтан Раев үндей жариялады

WhatsApp Image 2026-11-09 at 18.46.39

88 жыл бұрын бүгін дүниеден өткен Түркия Республикасының негізін қалаушы, Куртулуш (Тәуелсіздік) соғысының Бас қолбасшысы және түркі дүниесінің ұлы көшбасшысы Гази Мұстафа Ататүрікті ерекше құрметпен еске аламыз.

Гази Мұстафа Кемал Ататүрік тек бауырлас Түркияның ғана емес, күллі түркі дүниесінің және бодан болған халықтардың жүрегінде ерекше орынға ие. Оның жаққан тәуелсіздік шырағы, ұсынған жаңғыру көзқарасы және бұлжымас ерік-жігері ғасырлар бойы аймағымыздағы тәуелсіздік пен еркіндік аңсарына шабыт көзі болды.

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы ретінде оның түрік тіліне, тарихына және ортақ мәдени мұрамызға берген маңызы ерекше. Ататүріктің түрік халқының түп тамырына деген терең адалдығы және бауырлас халықтарымыздың болашақта қайта қауышатыны туралы сол кезде көрсеткен көрегендігі бүгінде ұйым ретінде жүргізіп жатқан мәдени интеграция жұмыстарының рухани іргетастарының бірін құрайды.

Өмірін халқының тәуелсіздігі мен өсіп-өркендеуіне арнаған бірегей мемлекет қайраткері Гази Мұстафа Кемал Ататүрікті, оның қаруластарын және осы жолда жандарын қиған барлық қаһарманды тағы да құрметпен еске алып, олардың рухына бас иемін.

Сұлтан РАЕВ

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы


Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған