TÜRKSOY
22 қазан 20261 мин оқу

«Бабыр. Сағыныш...»: Әндіжанда елге деген сүйіспеншілік суреттелген ерекше қойылым сахналанды

WhatsApp Image 2026-10-22 at 22.37.28 (4)

Өзбекстанның Әндіжан қаласында өтіп жатқан IV ТҮРКСОЙ Халықаралық театр фестивалі аясында драматург Усмон Азимнің қаламынан туған «Бабыр. Сағыныш...» (Bobur. Sog'inch...) атты тарихи драма көрермен назарына ұсынылды.

Өзбек халқының тарихи тұлғасы Захираддин Мухаммад Бабырдың өмір жолына арналған бұл қойылымда басты кейіпкер — Бабырдың бейнесін Зафарбек Сайбурханов сомдады. Мохимбегім рөлін Малика Сатимова алып шықты. Сондай-ақ Ильхомджан Мусаев және Мурат Сатимов сынды танымал әртістер де өнерін паш етті. 

Бабырдың туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілігін арқау еткен бұл туынды оның билеуші әрі шайырлық қырын ғана емес, сонымен бірге географ, тарихшы, табиғаттанушы және ойшыл ретіндегі болмысын да көрерменге жан-жақты ашып көрсетеді. Қойылымда Бабырдың адамгершілік асыл қасиеттері тебірентерлік тарихи оқиғалар арқылы сахналанған. Өзіне у бермек болған қас жауы Ибрагим Лодидің анасы Мелике Байдуды ана болғаны үшін кешіруі және мұрагер ұлы Хумаюн Мирза ауыр дертке шалдыққанда оның саулығы үшін өз жанын пида етуі драмалық тілмен өрнектелген.

Ұлы мемлекет қайраткерінің туған елге деген перзенттік сағынышын шынайы бейнелеген бұл спектакль өскелең ұрпаққа Отанды сүюді ұғындыратын ғибратты да танымдық мазмұнымен фестиваль қатысушыларының жоғары бағасына ие болды.

Медиа галереясы

(15)

Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған