TÜRKSOY

ТҮРКСОЙ-дың қысқаша тарихы 

  •  

ТҮРКСОЙ түркі әлемінде құрылған алғашқы ынтымақтастық ұйым. Ол 1993 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия Республикасының мәдениет министрлері қол қойған келісім бойынша құрылған.

Одан кейін Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұртстан, Алтай, Саха, Тува және Хакас Республикасы және Молдованың Гагаузиясы ұйымға бақылаушы ел ретінде қосылды. Ұйым құрылған күннен бастап түркі халқының бірлігі мен бауырластығын нығайтып, ортақ түркі мәдениетін танытып, әлемге қақпа ашты.

Түркі әлеміндегі және жаһандық кеңістіктегі мәдени және өнер әлемінің үздіксіз және тұрақты өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін ТҮРКСОЙ жұмысы құрылған күннен бастап мүше елдердің мемлекет басшыларының ерекше ықыласына бөленіп келеді. 

ТҮРКСОЙ-дың қызметін мүше елдердің мәдениет министрлері Тұрақты кеңесі анықтайды. Тұрақты кеңес отырыстарында қабылданған шешімдерді ТҮРКСОЙ Бас хатшылығы жүзеге асырады.

Түркі мемлекеттері ұйымы, Халықаралық Түркі академиясы, Түркия Парламенттік Ассамблеясы және Түрік мәдениеті мен мұрасы қоры ТҮРКСОЙ-мен бірлесе жұмыс істейтін бауырлас ұйымдар болып табылады. ТҮРКСОЙ сонымен қатар көптеген муниципалитеттермен, университеттермен және үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ принциптері мен мақсаттары ортақ ЮНЕСКО және ИСЕСКО сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатқан. 


Бізге жазылыңыз

Twitter / XYouTubeFacebookLinkedInInstagram
Бізбен байланыс

Мекен-жайымыз:
Ферит Реджаи Ертұғрыл көшесі 8
Oр-Ан AНКАРA/TҮРКИЯ

Байланыс нөмірі және факс мекен-жайы
T: +90 (312) 491 01 00 (pbx)
F: +90 (312) 491 01 11

Электронды мекен-жайымыз:
turksoy@turksoy.org

© 2026 TÜRKSOY — Барлық құқық сақталған