IMG_2040
10 февраля 2026 г.

Ыстамбұлда халықаралық «TҮРКСОЙ театр сыйлықтары» табысталды

10 февраля 2026 г.

Ыстамбұлда халықаралық «TҮРКСОЙ театр сыйлықтары» табысталды

Ыстамбұлда 2026 жылдың 9 ақпанында Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы мен «Anadolu Gazetesi» бірлесіп ұйымдастыруымен «XI Aнадолы театр сыйлықтары» табысталды. Шара аясында халықаралық «ТҮРКСОЙ театр сыйлықтары»да өз иелерін тапты. Түркі дүниесінің түрлі өңірлерінен келген театр майталмандарын тоғыстырған шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілік қауымның зор қызығушылығымен өтті.

Түркі дүниесінде театр өнеріне еңбек сіңірген өнер қайраткерлерін ұлықтауды мақсат еткен бұл сыйлық биыл 11-рет табысталып отыр. ТҮРКСОЙ-ға мүше елдерден іріктелген өнерпаздар сахна өнеріне қосқан үлесі мен шығармашылық жетістіктері үшін марапатталды.

Жыл сайын өткізілетін шара түркі дүниесі театрлары арасындағы шығармашылық байланысты арттыруды, ортақ мәдени мұраны сахна өнері арқылы насихаттауды және театр саласындағы тұрақты ынтымақтастықты дамытуды мақсат етеді. Осы тұрғыдан алғанда, сыйлық тек жекелеген жетістіктерді ғана емес, түркі дүниесі театрының кешенді дамуын қолдайтын маңызды мәдени-өнер алаңы болып табылады.

2026 жылғы Халықаралық «TҮРКСОЙ театр сыйлықтарының» иегерлері:

  • Қазақстан – Үздік театр режиссері: Еренбақ Тойкенов
  • Өзбекстан – Үздік әйел рөлі: Лола Элтоева
  • Түрікменстан – Үздік ер адам рөлі: Батыр Чарыев
  • Қырғызстан – Үздік сахна суретшісі: Садыр Ниязақұнов
  • Әзербайжан – Үздік драматург: Али Әмірлі

Сайит Юсуф: «Ортақ шығармашылық мәдени байланыстарымызды нығайтады»

Марапаттау рәсіміне қатысқан TҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф өз сөзінде театр өнерінің түркі дүниесінде ортақ мәдени бірегейлікті сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Өнер арқылы орнаған байланыстар түрлі өңірлердегі халықтардың бірін-бірі жақын тануына мүмкіндік беретінін айтқан ол, шығармашылық жақындық пен тәжірибе алмасу мәдени байланыстый арттыратынын жеткізді.

Сондай-ақ Сайит Юсуф ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың қатысушыларға жолдаған сәлемін жеткізді. Раевтың тек мәдениет қайраткері ғана емес, сонымен қатар білікті драматург әрі жазушы ретінде түркі дүниесі әдебиеті мен театрына елеулі үлес қосып жүрген көрнекті тұлға екенін атап өтті. Оның өнерді басты құндылық ретінде ұстануы TҮРКСОЙ-дың мәдени-өнер бағытындағы қызметіне де бағдар беріп отырғанын айтты.

Сонымен қатар Сайит Юсуф TҮРКСОЙ-ға мүше және бақылаушы елдерде жүзеге асырып жатқан мәдени жобалары осы ұстанымның нақты көрінісі екенін атап өтіп, алдағы кезеңде театр саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетінін мәлімдеді.

Нұрхан Услуға TҮРКСОЙ театр өнеріне қосқан үлесі үшін арнайы сыйлық табысталды

Салтанатты кеш барысында түркі дүниесі театрының дамуына қосқан үлесі үшін Нұрхан Услуға TҮРКСОЙ Бас хатшылығы тарапынан арнайы «Алтын арғымақ» сыйлығы мен сертификат табысталды. Түркі дүниесі сахна өнері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және мәдени ықпалдастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапатталған Нұрхан Услу марапатты зор қошеметпен қабыл алды.

Назиф Услу: «Anadolu театр сыйлықтары» халықаралық деңгейге көтерілді»

«Tiyatro Gazetesi»Бас редакторы Назиф Услу өз сөзінде «Анадолы театр сыйлықтарының» жылдар бойы халықаралық сипат алғанын атап өтті. Оның айтуынша, түркі дүниесінің өнерпаздарын Ыстамбұл сахнасында тоғыстырған бұл бастама театр саласындағы маңызды қажеттіліктің орнын толтырып отыр. Назиф Услу аталған бағдарламаны жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін «TҮРКСОЙ» ұйымына алғыс білдірді.

Ыстамбұлда өткен марапаттау рәсімі түркі дүниесінің түкпір-түкпірінен келген өнер иелерінің басын қосып, театр өнеріне адал қызмет етіп жүрген қайраткерлердің еңбегін халықаралық деңгейде мойындауға мүмкіндік берді.

Медиа галереясы

IMG_2033
IMG_2057
IMG_2049
IMG_2073
IMG_2062 (1)
IMG_2051
IMG_5405.JPG
IMG_5377.JPG
IMG_5587 2.JPG
IMG_5382.JPG
IMG_5374.JPG
IMG_5587.JPG
IMG_5380.JPG
IMG_5390.JPG
IMG_5577.JPG
IMG_5579.JPG
IMG_5615.JPG
IMG_5580.JPG
IMG_5592 2.JPG
IMG_5594.JPG
WhatsApp Image 2026-02-10 at 15.26.02
WhatsApp Image 2026-02-10 at 15.26.02 (2)
WhatsApp Image 2026-02-10 at 15.26.01
WhatsApp Image 2026-02-10 at 15.26.01 (1)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған