― 5 декабря 2024 г.
Ыстамбұл университетінде «Ажинияз: Рухани әлемнің бард ақыны» атты панель өтті
Қарақалпақ халқының атақты ақыны Ажинияз Қосыбай ұлының туғанына 200 жыл толуына орай Ыстамбұл университетінің ұйымдастыруымен өткен шара ғалымдар мен студенттердің ыстық ықыласына бөленді.
Шарада ТҮРКСОЙ Бас хатшылығының өкілі Санжар Мүлазымоғлу, Өзбекстанның Қарақалпақстан автономиялық Республикасы Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Р.Зәрикеев, Қарақалпақстан автономиялық Республикасы Мәдениет министрі Б.Темірбаев сөз сөйледі.
Панельдің ашылу сөзінде сөз сөйлеген Санжар Мүлазымоғлу Өзбекстанның Қарақалпақстан Республикасымен ынтымақтастықта ұйымдастырылған бұл шараның жүзеге асуында көрсеткен қолдауы үшін Ыстамбұл университетіне ерекше алғыс білдірді. ТҮРКСОЙ-дың бүкіл түркі әлемімен қатар Қарақалпақстанмен де мәдени ынтымақтастығын жалғастыратынын айтқан Мүлазымоғлу Бас хатшы Сұлтан Раевтың сәлемін жеткізіп, Раевтың бұл шараға ерекше мән беретінін жеткізді.
Қарақалпақстан Республикасы Мәдениет министрі Б.Темірбаев ТҮРКСОЙ ұйымы мен Бас хатшысы Сұлтан Раевқа шараларды ұйымдастырудағы ынтымақтастығы мен көрсетілген қолдауы үшін ризашылығын білдірді.
Ыстамбұл университетінің оқытушысы Мамура Маматкулова Өзжанның модераторлығымен өткен панельде Ыстамбұл университетінің оқытушысы проф. Dr. Зекай Кардаш, Қарақалпақ мәмлекеттік университети профессоры Бахтияр Генджемуратов, Өзбекстан мәмлекетлик өнер һәм мәдениет институты Нөкіс филиалының профессоры Гүлбахар Ахимбетова, Қарақалпақ мемлекеттік университеті профессоры һәм өнертанушы Айжамал Төремуратова, Ыстамбұл университеті профессоры Ураз Сапашев, Қарақалпақ мемлекеттік университеті докторанты Айгүл Кош сөз сөйледі. Олар ақынның әдеби мұрасы, түркі халқының әдебиеті мен мәдениетіндегі орнын бағалады.
Атап айтсақ, Ыстамбұл университетінің профессоры Ураз Сапашев Әжинияздың өлеңдерін оқыса, Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институтының Нөкіс филиалының профессоры мен Қарақалпақстанның халық ақыны Гүлбахар Ахимбетова қарақалпақ халқының ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен Әжинияздың «Елдерім бар еді» әнін орындады іс-шараға қатысушылар бірнеше минут бойы қол шапалақтады.
Айта кетейік, щараның мақсаты атақты қарақалпақ ақынын Түркиядағы жастарға таныстыруды мақсат етеді.