DSC_1459
28 октября 2024 г.

ТҮРКСОЙ ұйымында «Әзиз Санжармен 7 күн» кітабының таныстырылымы өтті

28 октября 2024 г.

ТҮРКСОЙ ұйымында «Әзиз Санжармен 7 күн» кітабының таныстырылымы өтті

ТҮРКСОЙ Бас хатшылығының мәжіліс залында қырғызстандық зерттеуші, жазушы Мухаммет Рузубайдың «Әзиз Санжармен 7 күн» кітабының тұсаукесер жиыны өтті.

Шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, бұрынғы индустрия министрі Али Джошкун, Эрзурум депутаты Мехмет Эмин Өз, Қырғыз Республикасы елшілігінің кеңесшісі Уланбек Мақсатов және зерттеушілер мен өнер сүйер қауым қатысты.

Бағдарламаның ашылуында сөз сөйлеген Бас хатшы Сұлтан Раев сөзін Мұхаммед Рузубайға осы құнды еңбекті ғылым әлеміне әкелгені үшін алғыс айтудан бастап, қарқынды дамып келе жатқан технологияда адамның маңызды орын алатынын, сол үшін де адамзаттың мәдени құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды екенін атап өтті. ТҮРКСОЙ ұйымының осы тұрғыда ортақ түркі әлемінің мәдениеті мен өркениетін сақтау және тарату арқылы түркі әлемінің болашақ ұрпақтарын өз мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне адал тұлға етіп қалыптастыруға күш салатынын айтқан Раев Әзиз Санжардың үлгі болар бірегей тұлға екеніне тоқталды. 

Әзиз Санжар –  жаңа Түркия Республикасының әлемдік аренаға шығарған жалпыадамзаттық құндылықтарға қосқан үлесі

Раев сөзін жалғастыра келе «Әзиз Санжар тек Түркия ғана емес, Түркі әлемі және бүкіл адамзат мақтан тұтатын ғалым ретінде Нобель сыйлығын алған, жетістіктерімен және адамзатқа қосқан үлесімен жадымызда сақталған есім. Бұл жетістік – жаңа Түркия Республикасының әлемдік аренаға шығарған жалпыадамзаттық құндылықтарға қосқан үлесі.

Әзиз Санжардың шығармашылығы мен өмірінен сыр шертетін бұл шығарма ғалымның өмірін ғана емес, оның адами қасиеттерін, қарапайым, мейірімді мінезін де баяндайды. Бұл қасиеттер оны тек ғылымда ғана емес, адамзатқа сіңірген еңбегінде де үлгілі көшбасшы етіп шығарған. Оның ғылыми ізденістерін, қоғамға, адамзатқа деген адалдығымен әрқашан көзге түсуі оның қандай ұлы құндылық екенін тағы бір рет аңғартады», - деді ол. Әзиз Санжардың үлгілі тұлғасына тоқталған Раев Түркі әлемінің Әзиз Санжар сияқты көптеген ғалымдар шығаратынына сенімді екенін атап өтті. 

Түркі әлеміне сәлем

Сөзін «Түркі әлеміне сәлем» деп бастаған бұрынғы Өнеркәсіп министрі Али Джошкун Әзиз Санжардың АҚШ-та оқып, онда ұзақ жыл тұрып жатқанына қарамастан, тамырынан ешқашан ажырамағанын айтып: «Оғыздардың Хаси тайпасынан шыққан бұл түрік баласы алған марапаттарын алдымен өзінің түрік халқына арнаған»,  –  деді ол.

Қырғыз Республикасының Анкарадағы Елшілігінің орынбасары Уланбек Мақсатов сөзін Елші Руслан Қазақбаевтың сәлемімен бастады. Ол кітап авторы Мұхаммед Рузубайға елшінің ерекше алғысын білдіріп, Әзиз Санжардың Нобель сыйлығын түркі еліне арнағанына және ерекше қарапайымдылығы мен кішіпейілділігіне тоқталды.

Кітап таныстырылымында сөз сөйлеген Эрзурум депутаты Мехмет Эмин Түркияның Түркі әлеміне бағытталған мәдени талпыныстарының жемісін беріп жатқанын, бауырластық байланыстардың күн өткен сайын нығая түскенін айтты.

Кітапты жазбасам мені жындыханаға жатқызар еді!

Салтанатты шарада сөз сөйлеген кітап авторы Мұхаммед Рузубай жазушылықтың өзі үшін дағдыға айналғанын және Әзиз Санжардың өзі үшін де, түркі әлемінің балалары үшін де үлгі болатынын, сондықтан ұзақ уақыт бойы бұл кітапты жазуды жөн көргенін айтты. Рузубай бір кездері Түркістан географиясы Анадолы түріктері үшін арман болғанын, қазір ТҮРКСОЙ-дың жұмыстары нәтижесінде алыстың жақынға айналып, алтын көпірлер салынғанына тоқталды. Сондай-ақ ол осы кітапты жазуда жарының еңбегі бар екенін айтып, оған алғыс білдірді. 

Осылайша жиын соңында Мехмет Сабир Каргер берген шағын концерт көпшіліктің назарына ұсынылды.

Бас хатшы Сұлтан Раев Мұхаммед Рузубайға ТҮРКСОЙ ұйымының «Құрмет» медалін табыс еткен жиын соңы естелік тақта табыстаумен және ұжымдық суретке түсумен аяқталды.

Медиа галереясы

DSC_1527
DSC_1531-2
DSC_1503
DSC_1509
DSC_1495
DSC_1492
DSC_1486
DSC_1482
DSC_1471
DSC_1476
DSC_1463
DSC_1466
DSC_1456
DSC_1459
DSC_1448
DSC_1452
DSC_1443
DSC_1438
DSC_1437
DSC_1429
DSC_1425
DSC_1427
DSC_1411
DSC_1421
DSC_1408
DSC_1406
DSC_1405
DSC_1404

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған