WhatsApp Image 2025-11-28 at 13.00.02
28 ноября 2025 г.

ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 42-ші отырысының ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ

28 ноября 2025 г.

ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 42-ші отырысының ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ

ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 42-ші отырысының

 ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАСЫ

2025 жылдғы Түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтау қаласында 2025 жылдың 28 қараша айында ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің Мәдениет министрлері қатысқан Тұрақты кеңесінің 42-ші отырысыөтті.

Тұрақты кеңесте ТҮРКСОЙ-дың қызметіне ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВҚА, сондай-ақ «Ақтау – 2025 Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясындағы іс-шараларға кең мүмкіндіктер жасаған Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида БАЛАЕВА ханымға, жиын өткізуге қолдау көрсеткен Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет ҚИЛЫБАЙ мырзаға және Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр БАЙПАҚОВ мырзаға алғыс айтылып, төмендегі шешімдер қабылданды:

Қабылданған шешімдер

  1. Тұрақты Кеңес ТҮРКСОЙ Бас хатшылығының 42-ші кезеңге арналған жұмыс есебі мен 2024 жылғы қаржы есебін қарап, бекітті.
  2. Тұрақты Кеңесте Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары тарапынан «Ақтау – 2025 Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында жыл бойы өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар тыңдалды .
  3. Тұрақты Кеңесте Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің ұсынысын қолдай отырып, Әндіжан қаласының «202, жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» ретінде жариялануын қуанышпен қарсы алды.
  4. Тұрақты Кеңесте, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің ұсынысына сәйкес, 2027 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы Түркия Республикасының атқаратындығын және осы мәртебені иеленетін қаланың кейінірек Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан жарияланатыны мақұлдады.
  5. Тұрақты Кеңесте, Түркі мемлекеттері ұйымы Басшылары қабылдаған «ТҮРКСОЙ-ды дамыту және күшейту туралы шешімге» сәйкес:
    • ТҮРКСОЙ Бас хатшылығы тарапынан «ТҮРКСОЙ-ды дамыту және күшейту жөніндегі тұжырымдамалық құжаттың» жобасын дайындауды;
    • жобаны мүше мемлекеттердің Сыртқы істер және Мәдениет министрліктеріне жолдап, олардың ұсыныстарын жинауды;
    • аталған министрліктер өкілдерімен консультациялық кездесулер өткізе отырып, құжатты нақтылай түсу және оны Тұрақты кеңестің қарауына ұсынуды ұйғарды.
  6. Тұрақты Кеңесте ТҮРКСОЙ Бас хатшылығы әзірлеген «2026–2028 жылдарға арналған Стратегиялық құжат» қабылданды.
  7. Тұрақты Кеңесте, ТҮРКСОЙ-дың дәстүрлі іс-шаралары және мүше мемлекеттердің Мәдениет министрліктерінің ұсыныстары негізінде дайындалған ТҮРКСОЙ-дың 2026 жылға арналған іс-шаралар бағдарламасы бекітілді.
  8. Тұрақты Кеңесте, ТҮРКСОЙ ұйымының 43-ші кезең үйлестірушісі міндетін Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің атқаруын және Тұрақты кеңестің 43-ші мәжілісін 2026 жылы Әндіжан қаласында өткізу туралы шешім қабылдады.

 

Ақтау, Қазақстан
28 қараша 2025 жыл

 

ТҮРКСОЙ                                                                                                               

42-ші кезеңнің үйлестірушісі                               
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі

Айда БАЛАЕВА

 

ТҮРКСОЙ

43-ші кезеңнің үйлестірушісі
Өзбекстан Республикасының
Мәдениет министрі

Озодбек НАЗАРБЕКОВ

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-11-28 at 13.00.02
WhatsApp Image 2025-11-28 at 12.59.36

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған