WhatsApp Image 2024-06-05 at 16.15.26
5 июня 2024 г.

ТҮРКСОЙ "Тау театрында"

5 июня 2024 г.

ТҮРКСОЙ "Тау театрында"

2024 жылдың 3-4 маусымында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев пен Қырғызстанның ТҮРКСОЙ өкілі Қанат Мәмбеталиев Т.Әджибаев атындағы Алай музыкалық драма театрына арнайы барды.  “Тау театры” деп аталатын “Алай музыкалық драма театры” жеті мың метрлік Ленин шыңының алдындағы беткейде (теңіз деңгейінен 7134 метр) 2240 метр биіктікте орналасқан.

Театр директоры, Қырғыз Республикасының Халық әртісі Әлімқұл Исаков, Алай ауданының әкімі Шыңғыс Бапаев және мекеме ұжымымен кездесуде театр мен ТҮРКСОЙ ұйымы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Шара “Алай” және таулы аймақтардағы театрлардың түркі әлемі театр ұжымдарымен байланысын нығайтуды және олардың түркі әлемі театрларының қатарына қосылуын қамтамасыз етуді мақсат етеді. Осы тұрғыда халықаралық “Тау театрлары” фестивалін ұйымдастыру, гастрольдік сапарлар, актер шеберханалары, актерлік шеберлік курстары, “Алай” театрының репертуарындағы пьесаларды ТҮРКСОЙ театр альманахында жариялау сынды алдағы уақытта қос ұйымның бірлесіп атқарылатын іс-шараларының жоспары құрылды. 

Қырғыздың ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматовтың “Теңіз жағасында жүгірген ит” повесінен алынған “Көк жағам…” спектаклін Алай театрының әртістері сахналады. Спектакльдің қоюшы-режиссері Қырғыз Республикасының мәдени өмірінің біртуар тұлғаларының бірі Жумабек Осмонов болса, сценарий авторы Қырғыз Республикасының халық әртісі Ескендір Рысқұлов болды.

Спектакльде Охот теңізінде балық аулайтын нивихтердің өмірі баяндалады. Қойылым Кириск есімді баланың теңізге шығып, аңшылыққа келуі туралы.  Оқиға қайғылы аяқталады.

Белгілі мәдениеттанушы Георгий Гачев айтқандай: “Сюжеттегі негізгі қақтығыс - тұзды мұхит суы мен азайған тұщы су арасында. Қайсысы басым болуы керек? Тіршілік үшін күрес заңы: мықтының жеңісі немесе махаббат пен құрбандықтың артықшылығы”...

Спектакль соңында көрермендер тікеден тік тұрып, әртістерге қол соқты. Басты рөлді шебер театр актері, Қырғызстанның халық әртісі Әлімқұл Исаков сомдады.

Кеш соңында ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев “Алай” театрының әртістеріне ТҮРКСОЙ медальдары мен түрлі сыйлықтар табыс етті.

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2024-06-05 at 16.15.26 (1)
WhatsApp Image 2024-06-05 at 16.15.26 (2)
WhatsApp Image 2024-06-05 at 16.15.27
WhatsApp Image 2024-06-05 at 16.15.27 (1)
WhatsApp Image 2024-06-05 at 16.15.27 (2)
WhatsApp Image 2024-06-05 at 16.15.27 (3)
WhatsApp Image 2024-06-05 at 16.15.28

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған