WhatsApp Image 2026-05-05 at 21.08.57
5 мая 2026 г.

ТҮРКСОЙ мен Батман университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

5 мая 2026 г.

ТҮРКСОЙ мен Батман университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы мен Батман университеті арасында білім, мәдениет, өнер және ғылыми зерттеулер саласын дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф пен Батман университеті ректоры Идрис Демірдің қол қойған келісімінде бірлесе ұйымдастырылатын шаралар жайлы жазылған. 

Қол қою рәсіміне Түркия Республикасының ТҮРКСОЙ-дағы өкілі Абдуллаһ Куталмыш Ялчын және Батман облыстық ұлттық білім беру басқармасының басшысы Яшар Джиер де қатысты. 

Аталған хаттама аясында енді қос мекеме бір-бірімен бірлесе отырып, арнайы жобалар дайындап, мәдени байланысты одан әрі дамытуды көздеп отыр. 

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2026-05-05 at 21.08.56 (1)
WhatsApp Image 2026-05-05 at 21.08.56
WhatsApp Image 2026-05-05 at 21.08.47 (1)

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған