― 15 апреля 2024 г.
ТҮРКСОЙ Махтумкулу Фиракиді БҰҰ-да еске алды
ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі Махтумкулу Фиракидің туғанына 300 жыл толуына байланысты 2024 жылды Фираки жылы деп жариялаған болатын. Осы тұрғыда Махтумкулу Фираки есімімен жыл бойы, әсіресе, Түрікменстан мен Түркияда, бүкіл Түркі әлемінде және әлемнің мәдениет және өнер орталықтарында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
Солардың бірі 25 наурызда Нью-Йорктегі (АҚШ) Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Махтумкулу Фиракиді еске алу шарасы №8 конференц-залда өтті. Кешті ТҮРКСОЙ ұйымы мен Түрікменстанның Біріккен Ұлттар ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілдігі ЮНЕСКО-мен бірлесіп өткізді. Түрікменстан, Қазақстан, Қырғызстан, Монако, Португалия, Босния және Герцеговина, Эритрея, Сент-Китс және Невис, Ливия, Аргентина, Никарагуа және Малавидің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілдері «Махтумкулу Фиракидің 300 жылдық бейбітшілік жолы» атты арнайы жиынына қатысты. Сондай-ақ Өзбекстан, Маврикий, Камбоджа және Ресей Федерациясының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдерінің орынбасарлары, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының бас кеңесшісі және ЮНЕСКО өкілі қатысты. Олардан бөлек, Иран, Марокко, Түрікменстан, Тәжікстан, Түркия Республикасы, Бахрейн және Пәкістанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдіктерінен түрлі қонақтар іс-шараны тамашалауға мүмкіндік алды.
Кеш ұйымдастырушысы ТҮРКСОЙ ұйымы мен Түрікменстанның Біріккен Ұлттар ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілдігінің ресми тұлғалары кіріспе сөз сөйледі. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан РАЕВ атынан құттықтау сөз сөйлегеннен кейін шараға қатысушы Біріккен Ұлттар ұйымының тұрақты өкілдері ізгі тілектерін білдірді. Махтумқулуның туғанына 300 жыл өтсе де, оны еске алудың қаншалықты мағыналы екені тілге тиек етілді. Түрікменстанның бейтараптық мәртебесіне сілтеме жасай отырып, Махтумкулуның бүгінгі заманауи және тәуелсіз Түрікменстанның негізін қалаушысы екеніне де басымдық берілді. Махтумқулуның түрікмен тайпалары арасындағы қақтығыстарды тоқтатып, тайпаларды біріктіріп, мемлекет құру керек деген пікіріне ерекше назар аударылды. Баяндамашылар ТҮРКСОЙ-дың Махтумкулының идеясына сай түркі әлемінің мәдени элементтерінің өкілі екендігіне ерекше тоқталды.
Шара соңында барлық қатысушыларға ТҮРКСОЙ ұйымының биылғы жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы Махтумкулу Фираки мен Аневке (Түрікменстан) арналған тақырыптық жиынтықтар сыйға тартылды. Мұндай шараларды Біріккен Ұлттар Ұйымының қол астында қайта өткізу керектігіне баса назар аударылып, қатысушылар Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде өтетін ТҮРКСОЙ-дың келесі іс-шарасында бас қосамыз деген үмітпен тарқады.