― 25 августа 2026 г.
ТҮРКСОЙ қолдау білдірген қылқалам шеберлерінің бұл жылғы басқосуы Каппадокияда өтті
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы қолдау білдірген суретшілер басқосуы бұл жылы «Халықаралық түркі әлемі суретшілерінің кездесуі» деген атаумен Каппадокияда ұйымдастырылуда.
Невшехир облыс және қала әкімдігі, Каппадокия аймақтық басқармасы және «ЭкоАвразия» қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан іс-шараның салтанатты ашылуы тарихи «Невшехир Мәриям Ана» шіркеуінде өтті.
2026 жылдың 22-30 тамызы аралығында өтетін бұл басқосуға ТҮРКСОЙ-дан бөлек Невшехир Хажы Бекташ Вели университеті, Каппадокия университеті, Аванос, Мустафапаша, Ортахисар ауданы және түркі әлемі азаматтық қоғам ынтымақтастығы қауымдастығы да қолдау көрсетіп, үлес қосты.
«Түркі әлемінің ортақ кенебі: Каппадокия» тақырыбымен өтіп жатқан шара өнер мен мәдениеттің ортақ тілі арқылы түркі әлемі арасында рухани көпір орнатуды мақсат етеді.
Ашылу рәсімінде іс-шараға үлес қосқан тұлғаларға алғыс тақтайшалары (плакет) табысталды. Невшехир әкімі Хүсейин Көк, Невшехир ауданы төрағасы Расим Ары, Каппадокия аймақтық басқармасы төрағасының орынбасары Хасан Шанлы, Невшехир Хажы Бекташ Вели университетінің ректоры Семих Актекин, Каппадокия университетінің ректоры Хасан Али Карасар, Ортахисар ауданы төрағасы Мустафа Атеш, Мустафапаша ауданы төрағасы Мустафа Өзер, ТҮРКСОЙ өкілі Санжар Мүлазимоғлу және «ЭкоАвразия» қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Өмер Өналға арнайы алғыс жазылған тақтайшалар берілді.
Рәсімге Невшехир республикалық бас прокуроры Адем Чалыш, Невшехир провинциялық жандарма командирі Мехмет Челик, Провинциялық полиция бастығы Серкан Караман, Әлеуметтік қамсыздандыру мекемесінің (SGK) провинциялық директоры Мехмет Балтажы, Невшехир Қоршаған орта, қала құрылысы және климаттың өзгеруі провинциялық директоры Ясемин Демирерс, ТҮРКСИТ Басқарма төрағасы Кемал Курназ, «ЭкоАвразия» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Хикмет Эрен, Невшехир Журналистер қоғамының төрағасы Байрам Экиджи мен көптеген қонақ қатысты.
Түркі әлемінің түрлі аймақтарынан келген шебер суретшілер апта бойы Каппадокия аумағында шеберлік сабақтары мен ашық аспан астындағы сурет салу жұмыстарын жүргізеді. Суретшілер перибачалары (пери мұнаралары), аңғарлар, мыңжылдық тас қашау құрылыстары мен шіркеулерден тұратын бай мәдени мұраны өз пайымдарымен кенепке түсіреді.
Қазақстанды қоса алғанда, түркі әлемі елдерінен шақырылған, халықаралық деңгейде танымал академик әрі суретшілерден құралған делегация құрамында мына есімдер бар:
Қазақстаннан Ермұхан Жүнісхан, Еркін Бозжігітов, Алтын Атеева, Бақыткүл Әділбекова, Толқын Қанкелді-Қалымова, Айдар Асқаров, Жанат Сейітаммит және Базар Ырыстанұлы; Қырғызстаннан Меерим Акматкулова мен Зүлфия Акимова; Түркіменстаннан Джейран Умарова мен Дильбар Умарова; Әзербайжаннан Махаррам Алиев; Өзбекстаннан Джавахирбек Ниязов; Түркиядан Гүлхан Картал, Беррак Кылыч және Мева Өнал қатысып жатыр.
Іс-шара соңында туындылар 2026 жылдың 29 тамызы, сенбі күні сағат 16:00-де Кахведжи тауындағы «Түркілік» монументінде ұйымдастырылатын көрмеде өнерсүйер қауымның назарына ұсынылады.