WhatsApp Image 2025-06-23 at 13.38.02 (3)
23 июня 2025 г.

ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің опера және балет театрлары директорлары кеңесінің IV отырысы өтті

23 июня 2025 г.

ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің опера және балет театрлары директорлары кеңесінің IV отырысы өтті

18 маусымда Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің опера және балет директорлары кеңесінің IV отырысы өтті.

Кеңес мүшелері отырыс алдында театр режиссері Айнұр Көпбасарованың жетекшілігімен театр музейін аралап, Қазақстандағы танымал музыкалық мекемелердің бірі  бұл өнер ордасының тарихы мен дәстүрінен мағлұмат алды. 

Жиынды Қазақстан Республикасының ТҮРКСОЙ жанындағы Тұрақты өкілі Нышанкүл Қаратаева ашты. Қаратаева сонымен қатар ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың шараға арнайы жолдаған құттықтауын оқыды. 

Бас хатшы Сұлтан Раев өз жолдауында түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасының маңызды бөлігі болып табылатын сахна өнерін қолдаудың маңызы зор екенін атап өтті. Опера және балет сияқты әмбебап өнер салаларында жүзеге асырылған ынтымақтастықтардың халықтарымыздың ортақ эстетикалық негізде кездесуін қамтамасыз ететінін айтқан Раев мұндай бастамалардың Түркі әлемі өнерінің халықаралық аренада танылуын арттыратынын айтты. Раев сонымен қатар ТҮРКСОЙ ұйымының осы саладағы ілкімді жұмысына риза екенін жеткізді.

Кездесу аясында театр өнері саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қатысты түрлі тақырыптар талқыланды. 

Медиа галереясы

WhatsApp Image 2025-06-23 at 13.38.02 (3)
WhatsApp Image 2025-06-23 at 13.38.02 (2)
WhatsApp Image 2025-06-23 at 13.38.02 (1)
WhatsApp Image 2025-06-23 at 13.38.01
WhatsApp Image 2025-06-23 at 13.38.01 (4)
WhatsApp Image 2025-06-23 at 13.38.01 (3)
WhatsApp Image 2025-06-23 at 13.38.01 (2)
WhatsApp Image 2025-06-23 at 13.38.00
WhatsApp Image 2025-06-23 at 13.38.01 (1)
WhatsApp Image 2025-06-23 at 13.38.00 (3)
WhatsApp Image 2025-06-23 at 13.38.00 (2)
WhatsApp Image 2025-06-23 at 13.38.00 (1)
WhatsApp Image 2025-06-23 at 13.37.05

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған