DSC_3282
18 июня 2025 г.

ТҮРКСОЙ-дың Өзбекстан өкілі ретінде Шевкет Артиков тағайындалды

18 июня 2025 г.

ТҮРКСОЙ-дың Өзбекстан өкілі ретінде Шевкет Артиков тағайындалды

2025 жылдың 18 маусымында Анкарадағы ТҮРКСОЙ Бас хатшылығы ғимаратында Өзбекстанның ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып тағайындалған Шевкет Артиковты ресми ұлықтау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң бiрiншi орынбасары Муроджон Маджидов пен арнайы делегация да қатысты. Бағдарламада ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Өзбекстан Мәдениет министрінің орынбасары Муроджон Маджидов және жаңа өкіл Шевкет Артиков сөз сөйледі.

Рәсімде сөйлеген сөзінде ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Өзбекстанның түркі әлемінің мәдени интеграциясында маңызды орынға ие екендігіне тоқталып, Шевкет Артиковтың өкілеттігі кезінде бұл ынтымақтастықты одан әрі дамытатынына сенім білдірді. Раев: «Біз Артықов мырзаның білімі, тәжірибесі және көрегендігін Өзбекстанның бай мәдени мұрасын түркі әлемінің бірігуіне үлес қосатынына сенеміз», - деді.

Өзбекстан Мәдениет министрінің орынбасары Муроджон Маджидов ТҮРКСОЙ-мен жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобалардың маңыздылығын айтып, Өзбекстан Республикасының ұйымның қызметіне белсенді түрде үлес қосатынын атап өтті.

Өзбекстан Мәдениет министрлігінде ұзақ жылдар бойы түрлі қызметтер атқарған Шевкет Артиков өз сөзінде ТҮРКСОЙ ұйымында қызмет етудің өзі үшін үлкен мәртебе екенін және бұл міндетті лайықты атқаруға бар күш-жігерін салатынын айтты.

Медиа галереясы

DSC_3359
DSC_3353
DSC_3347
DSC_3342
DSC_3338
DSC_0174
DSC_0173
DSC_0167
DSC_0150
DSC_0134
DSC_0124
DSC_3282
DSC_3317
DSC_3307
DSC_3299
DSC_3290
DSC_3294
DSC_3282
DSC_3280
DSC_3270
DSC_3276
DSC_3265
DSC_3266
DSC_3260
DSC_3264
DSC_3255
DSC_3258

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған