― 21 марта 2026 г.
ТҮРКСОЙ делегациясының Мәдениет және туризм министрлігіне Наурызға орай сапары
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев бастаған делегация «Наурыз» мейрамы аясында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігін құттықтап, арнайы барды.
Түркі әлемінің ортақ мерекесі «Наурызды» атап өту және мәдени байланыстарды нығайту мақсатында жүзеге асқан бұл сапар барысында ТҮРКСОЙ делегациясын Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой арнайы қабылдады. Кездесу барысында «Наурыздың» түркі халықтары арасындағы маңызына ерекше назар аударылды.
«Семени» дәстүрі
ЖиындаСұлтан Раев Мехмет Нури Ерсойға көктем мен берекенің нышаны «Семени» сыйға тартып, ежелден келе жатқан дәстүр тағы бір мәрте жаңғырды. Кездесу аясында түркі әлеміне ортақ мәдени құндылықтарды сақтау және келер ұрпаққа жеткізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайы сөз болды.
Мәдени байланыстарға мән берілді
ТҮРКСОЙ делегациясы көрсетілген қонақжайлық үшін министрлікке алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады. Кездесу өзара ізгі тілектермен және «Наурыздың» барша адамзатқа бейбітшілік пен татулық әкелуін тілеумен аяқталды.
Сапар соңында Бас хатшы Сұлтан Раев:
«Наурыз» мерекесі қарсаңында бізді қабылдаған Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі, құрметті Мехмет Нури Ерсой мырзаға, делегациямызға көрсеткен ілтипаты мен шынайы қонақжайлығы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Түркі әлемінің ортақ түсінігі мен мәдени құндылықтарын сақтау жолындағы бұл ортақ ұстаным алдағы жұмыстарымызға үлкен серпін береді».
Кездесу соңында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан өнерпаздары ұлттық аспаптарын тартып, өз елінің шығармаларын орындады.