DSC_0395
10 апреля 2025 г.

ТҮРКСОЙ-да түркі-ислам өркениетінде маңызды орынға ие тұғра өнері ұлықталды

10 апреля 2025 г.

ТҮРКСОЙ-да түркі-ислам өркениетінде маңызды орынға ие тұғра өнері ұлықталды

Түркі-ислам өркениетінде маңызды орынға ие Тұғра өнері Халықаралық ТҮРКСОЙтүркі мәдениеті ұйымында өткен «Сұлтанның жазуы, жазудың сұлтаны – тұғралар көрмесі» және «Тұғраның тарихи кезеңі» атты конференция аясында талқыланды.

ТҮРКСОЙ ғимаратының кіреберісінде тұғра өнерінің шебері Исмет Кетен дайындаған «Сұлтанның жазуы, жазудың сұлтаны – тұғралар көрмесі» өтті. Салтанатты шара Анкара Музыка және көркем өнер университетінің оқытушысы, доктор Серкан Гүналчиннің музыкалық орындауы аясында ашылды. Салтанатты ашылуда көрмені көрермендерге таныстырған Исмет Кетен тарихымыздың алғашқы тұғра үлгілерінен бастап түрлі сұлтандар мен билеушілерге тиесілі тұғралармен таныстырып, келушілерге егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Конференция залында жалғасқан шара «Тұғраның тарихи кезеңі» атты баяндама бөлімімен жалғасты. Баяндамалар алдында ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Саийт Юсуф сөз бастады. 

Саийт Юсуф өз сөзінде: «Біз бүгін мұнда түркі әлемінің көркемдік түсінігін және ұлылығын бейнелейтін маңызды өнер түрлерінің бірі – тұғра өнерін бірге зерттеу, осы қайталанбас мұрамен жақын танысу үшін жиналдық. ТҮРКСОЙ ретінде біз тек өткенімізді танытумен шектелмей, осы ортақ мәдени мұраны түркі әлемінің түкпір-түкпіріне жеткізуді міндет деп санаймыз. Бүгінгі бағдарламамыз да осы жауаптылықтың жемісі әрі өнер мен тарих арасындағы көпірдің көрінісі деп айтқым келеді», – деді.

Ол сондай-ақ ол «Тұғралар – жай ғана қолтаңба емес, олар – күштің, биліктің және көркемдіктің тоғысқан тұсы. Түркі мемлекеттері билік жүргізіп отырса да, өнерден алшақ болмаған. Бұл олардың жан дүниесінің байлығын көрсетеді. ТҮРКСОЙ ретінде ата-бабаларымыздың осы рухын жаңа буынға танытып, жеткізу – біз үшін мәртебе. Тарихымызға сәуле түсіретін мұндай көрмелерге қолдауымыз әрдайым бар. Бізге осы әсерлі тәжірибені сыйлаған Исмет Кетен ұстазымызға айрықша алғыс білдіремін», – деп сөзін түйіндеді.

Анкара Музыка және көркем өнер университетінің ректоры, профессор Ерхан Өзден конференцияда сөйлеген сөзінде хат (каллиграфия) өнерінің маңыздылығына тоқталды. Ол ТҮРКСОЙ ұйымына және шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық тарапқа алғысын білдіре отырып:
«Бізді біз ететін, 1500 жылдық тарихымызда ең көрнекті туындылардың дүниеге келген хат өнерінің бүгінге дейін  жетуіне себеп болған шеберлердің қолынан, көзінен, саусақтарынан және жан дүниесінен туған әсем көрмеге куә болып отырмыз. Бір өркениетті елестетіңіз – жазуды, яғни ең маңызды байланыс, қарым-қатынас құралын өнерге айналдыра білген. Жазу – біз үшін тек қарым-қатынас құралы емес, хат өнері біздің мәдениетімізде басқа өркениеттерде сирек кездесетін көркемдік деңгейге жеткен», – деді. Сонымен қатар, профессор Өзден қуанышты жаңалықпен бөлісіп, биылғы оқу жылынан бастап Анкара Музыка және көркем өнер университетінде Дәстүрлі өнер бөлімі ашылғанын және жастарға хат өнері бойынша білім берілетінін хабарлады.

Конференцияда Анкара Йылдырым Баязит университеті Тарих бөлімінің профессоры Сыддық Чалык, зейнеткер оқытушы, доктор Айхан Пала, Анкара Музыка және көркем өнер университетінің Мәдениет, спорт және денсаулық істері департаментінің басшысы Мехмет Дүгмеджі және тұғра шебері Исмет Кетен тұғраның тарихы, қалыптасуы, дамуы, ерекшеліктері және бүгінгі күнге дейінгі жолы туралы қатысушыларға маңызды ақпараттармен бөлісті.

Іс-шара соңында Серкан Гүналчин қонақтарға канун аспабында қысқаша музыкалық орындау ұсынып, қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды. Шара естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

Медиа галереясы

DSC_0320
DSC_0323
DSC_0325
DSC_0326
DSC_0395
DSC_8577
DSC_8573
DSC_8570
DSC_8548
DSC_8559
DSC_8563
DSC_8564
DSC_8558
DSC_8544
DSC_8541
DSC_8532
DSC_0505
DSC_8506
DSC_8513
DSC_8535
DSC_0437
DSC_0436
DSC_0426
DSC_0395
DSC_0361
DSC_0367
DSC_0377
DSC_0410
DSC_0350
DSC_0343
DSC_0330

© 2022 TÜRKSOY - Барлық құқық сақталған