― 29 ноября 2024 г.
ТҮРКСОЙ-да Түрікменстан күні
Анкарадағы Түрікменстан елшілігімен және ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған шарада Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың «Мыңдаған жылдардан бастау алған Анев мәдениеті» кітабы, «Түркияда алғаш рет жарық көрген Махтумқұлы диван», «Махтумкулу Фиракидің сыйлық кітабы» және «ТҮРКСОЙ Түркіменстан журналының» арнайы санының таныстырылымы өтті.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың құттықтау сөзімен ашқан ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф ТҮРКСОЙ ұйымдастырған кездесудің ғылыми еңбектерді насихаттау мақсатында өткізілгенін, олардың әрқайсысының өзіндік орны бар екенін атап өтті.
Түрік ұлтының әлемге ортақ адамзат мәдениетіне қосқан үлесін айтып жеткізу мүмкін емес екенін айтқан Юсуф «Бұл сөзімізге Махтумкулу дәлел бола алады. Бүгінгі біз насихаттап отырған кітап авторы ұлы ақын, ойшыл өз ұрпағын ғасырлар өтсе де жақындастыру арқылы жаңа мәдениетті жасап шыға алады. Осындай бай өркениеттің өкілі болғанымды мақтан тұтамын, Махтумкулу Фиракиді оқыған сайын таңданысым артып, Юнус Эмре мен Мевлананы оқығандай күй кешемін. Бүгін осы шаңырақ астында ортақ мәдени әлеміміз шығарған ең маңызды жазушылардың бірін еске ала отырып, осыны да айта кеткен жөн деп ойлаймын. «ТҮРКСОЙ – өзін түрік сезінетіндердің ортақ ұйымы және ортақ шаңырағы.
Махтумкулу салған сара жолға нұр жаусын!
Осылайша сөзін жалғастырған Юсуф 2024 жылы Махтумкулу Фираки жылы және Түркі әлемінің мәдени астанасы Анев мерекесіне орай Түрікменстанмен бірге көптеген іс-шара ұйымдастырғанын және ТҮРКСОЙ-дың түрлі іс-шаралар арқылы түркі мәдениетінің академиялық зерттеулеріне үлес қосқанын айтты.
Түрікменстанның Анкарадағы Елшісі Мекан Ишанкулиев өз сөзінде Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің жеке өзі жазған «Мың жылдардан бастау алған мәдениет» кітабының маңыздылығына назар аударды. Түрікменстанның Анев қаласының мыңдаған жылдық өмір сүруінің тамыры терең түрікмен тарихының ірге тасы екенін айта келе, Махтумкулу Фираки көп тіл білгенімен, өлеңдерінде қолданған түсінікті тіл әуелі түрікмен халқының, содан кейін түркі әлемінің мәдени байлығын арттырғанын атап өтті.
Бас хатшы Раевтың хабарламасы
Алдын ала жоспарланған шетелдегі қызметіне байланысты кітап отырысына қатыса алмаған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев өз жолдауында Түрікменстан Президентінік «Мыңдаған жылдардан бастау алатын мәдениет» кітабының маңыздылығына назар аударды. Түрікменстан Сердар Бердімұхамедов, түрікмен мәдениеті мен тарихы тұрғысынан кітапты түрік тіліне аударған Бердісариев пен Мерве Гүнге алғысын білдірді. Раев өз хабарламасында:
«Түркі әлеміне өмірін арнаған марқұм Химмет Бирай дайындаған "Махтумкулу диуан" өте маңызды дүние. Бұл Түркиядағы Махтумкулу диуаны туралы алғашқы және маңызды зерттеу. Түрікмен халқының әдеби мұрасын сақтайтын, Махтумкулының философиялық тереңдігі мен тіл шеберлігін танытатын бұл сирек туындыны қайта басып шығару арқылы ТҮРКСОЙ ұйымы өте маңызды мәдени қызмет атқарды. Химмет Бирай дайындаған бұл еңбек Махтумкулу Фиракидің ойларын ұмытпауға және түркі әлемі арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайтуға көмектесті. Осы жерде мен құрметті Химмет Бірайдың жары Нергис ханым мен қызы Бенгісуға да алғысымды білдіргім келеді.
Абдуррахман ГҮЗЕЛ, Берді САРИЕВ пен Эмрах ЙЫЛМАЗдың дайындаған Махтумкулуның өмірі, шығармашылығы және түркі әлеміндегі орнын егжей-тегжейлі талқылайтын кітабы үшін де алғыс айтқым келеді.
Бұл зерттеу ақынның түркі халқын біріктіруге үндейді. Махтумкулу Фираки мен оның шығармаларына тоқталған бұл кітаптың айтар ойы бүгінгі күнге жеткен Махтумкулуның өмірінен сыр шертеді.
Сөзімді түйіндей келе, ТҮРКСОЙ журналының соңғы саны Махтумкулу Фиракидің арнайы шығарылымы болуын ерекше қалағанымды айтқым келеді. Осы бағытта Түркия, Түрікменстан және Түркі әлемінің көптеген маңызды ғалымдары мақалалар жазып, Махтумкулу Фиракиді Түркі әлеміне басқа қырынан түсіндірді. Биыл атқарылған маңызды жұмыстардың қатарында ТҮРКСОЙ Махтумкулу Фираки арнайы шығарылымы екені даусыз.
Махтумкулу Фираки халқына, адамзатқа әділдік, махаббат пен шындықты насихаттады. Оның қалдырған мұрасы тек түрікмен халқына ғана емес, бүкіл адамзатқа нұрын шашты», - деді Раев. Ол сондай-ақ ТҮРКСОЙ ұйымы көрсететін мәдени қызметтің маңыздылығына тоқталды.
Осылайша кітап тұсаукесері сыйлық табыстаумен және суретке түсумен аяқталды.